"Алтын глобус" киножүлдесінің жеңімпаздары анықталды

"Алтын глобус" киножүлдесінің жеңімпаздары анықталды
Фото: Harper's Bazaar

Голливудтың шетелдік баспасөз ассоциациясы бекіткен сыйлықтарды табыстау шарасы 6 қаңтар күні Лос-Анджелес қаласында өтті. Салтанатты рәсімді NBC телеарнасы тікелей эфиде түсірді. «Алтын глобусты» жүлдегерлерін HFPA-ның 90-ға тарта мүшесі анықтады.

«Богемская рапсодия» фильмі «Үздік драма» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл фильм 23 қазан күні әлемнің түкпір-түкпірінде алғаш рет көрсетілді. Сол уақыттан бері фильм 72 миллион пайда тапқан. Фильмде басты рөлдегі кейіпкерді сомдаған Рами Малек үздік драма актері атанды. Батыс сыншыларының айтуынша, ол осы образы үшін «Оскар» жүлдесін алуы мүмкін.

Сонымен қатар, шара барысында үздік драма актрисасы да анықталды. Ол – «Жена» фильмінде өнер көрсеткен Гленн Клоуз. Бұл актрисаның «Алтын глобустағы» үшінші жеңісі.

А. Қажиев