Бір оқпен екі қоян атқан актерлер

Бір оқпен екі қоян атқан актерлер

Бет бояуының (грим) дәурені дүркіреп тұр ғой, шіркін. Бір кинокартинада бір актер бірнеше рөлді сомдап шығу деген жай айтса сенбейтін нәрсе. Сіз бен біз оны аңғармаппыз да... Ал көгілдір жәшіктің арғы жағындағы ағайын бір оқпен екі қоянды атып жүр екен. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы! Қай кинофильмдерде бір актер басқа рөлдерді де қатар ойнаған екен? Соған назар аударайық!

Том Хэнкс "Бұлтты атлас" кинофильмінде қатарынан алты рөлді сәтті сомдап шығады. 

Холли Берри де осы кинокартинада алты рет түрін өзгертіп, өзге рөлге еніп ойнап шығады.

Хью Гранттың мына рөлдеріне таңданбасқа болмас.

Хьюго Уивинг де әзәзілдің, медбикенің, баскесердің рөлдерін бір кинофильмде қатар ойнап шығады.

Питер Селлерс «Доктор Стрейнджлав» кинофильміндегі рөлдері үшін 1964 жылы «Оскар» жүлдесін иеленді. Питер сол кинофильмде президенттің, доктордың, әскери адамның рөлдерін қатар алып шыққан.

«Диктатор» комедиясында Саша Барон Коэн диктатордың және оның сыңарының рөлдерін қатар ойнаған.

Натали Портман "Гойидағы елестер" картинасында ананың және қызының рөлін қатар ойнап шығады.

Аты аңызға айналған «Назад в будущее ІІ» Джей Фоксуға төрт рөлді бұйырған екен: өткен өмірдегі Марти Макфлай, нағыз және болашақтағы Марти Макфлай мен Мартидың қызы.

Селена Гомес «Монте-Карло» кинофильмінде байдың мұрагері мен қарапайым даяшы қыздың рөлін қатар ойнайды. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: wowfacts.net

А. Әбілхан