«Жаужүрек мың бала» анимациялық хикаясы түсірілмек

«Жаужүрек мың бала» анимациялық хикаясы түсірілмек

"Жаужүрек мың бала" фильмінің мотивімен анимациялық нұсқасы түсірілетін болды. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшев Tengrinews.kz сайтына берген ақпаратында хабарлаған.

Анимациялық хикая «Жаужүрек мың бала» базасында түсіріледі. 20 сериялы анимациялық хикая келесі жылдан бастап қолға алынбақ. Ал тұсаукесері 2013 немесе 2014 жылдарға болжанып отыр.

«Қазақфильм» президенті «Жаужүрек мың бала» тұңғыш рет АҚШ-та көрсетілгелі жатқанын да айтып өтті. Алғашқы кезде желтоқсан айында көрсетілетін фильм кестесі «Оскар» сыйлығынан үміткер болғандығы себебінен келесі жылдың бірінші айына, яғни қаңтарына ауыстырылыпты.

Картина ағылшын тіліндегі титрымен көрсетілмек. Ал егер бұл жұмыстар сәтті нәтиже беріп жатса, кәсіби дубляж да жасалуы мүмкін екені белгілі болды. Сонымен қатар, дубляж неміс тілінде де болады екен.  

Айта кетер жәйт, «Жаужүрек мың бала» фильмі «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскарға» үміткерлер қатарына енген еді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Tengrinews.kz

А. Құлтай