Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Ральф: "Бұл өмір емес, ойын!"

Ральф: "Бұл өмір емес, ойын!"

Ральф:

Бүгін Қазақстан кинотеатрларында «Ральф» мультфильмі көрсетіле бастайды. Атақты «Симпсондардың» режисері Ричи Мур екі сағаттық мультфильмді алты жастан асқан көрерменге арнаған. Әлемдік өндірістің көшбасшысы саналатын Walt Disney компаниясы бұл жолы барлық жастағы көрерменге қызық болатын «мінсіз» мультфильм түсірген екен.

«Game over» деген жазудан соң адам баласы монитордың арғы жағындағы өмірді ойламайды да. Бұл мультфильм сол, біздің балалық шағымызды сақтап отырған сүйікті кейіпкерлеріміздің өмірі жайлы. Тартымды оқиға, айтар пәлсапасы да таяз емес. Анимациялық деңгейі де, ән, сценарий де көз қуантады. Еліміздегі нұсқасы тек орысша сөйлейді демесеңіз...

«Ральфта» 180-ге жуық бірегей персонаж бар. Бұл дегеніңіз орта есеппен алғанда қайсыбір анимациялық мультфильмдермен салыстырғанда үш есе көп деген сөз.

Сюжет: Адамзат ойын автоматтары кейіпкерлерінің өмірі болатынын ешқашан сезіп білмейтін де шығар... Сол ойындардың қатарында компьютердегі сапасы 8 биттік ойынның «жағымсыз» кейіпкері Ральф өзінің «жаман» рөлді сомдауынан шаршаған. Оның ойындағы басты міндеті – бұзу, қирату, талқандау. Ал Ральфтың қиратқан үйін жөндейтін Феликс әрқашан да ұнамды кейіпкер. Жалғыздықтан жасыған 300 келілік жігітіміз – Ральфтың ойынның 30 жылдық мерейтойға шақырылмағаны оқиға желісіндегі басты конфликт. Ойындағы достары оның «жақсы болуға» деген ниетін қабылдамай қойған соң ол басқа жанрдағы ойындарға ауысып, қолынан жамандық қана емес, жақсылық та келетінін дәлелдемек болып аттанады ғой.

Жолында кездескен ойын персонаждары қатарында қатал да қабілетті сержант Калхун «Hero’s Duty» ойынынан, ал тілі шамадан тыс ұзын (астарлы мағына А.Қ.), қырсықтау Сластена Фон Дю «Sugar Rush». Соңғы кейіпкердің ойындағы өмірі тым ауыр жағдайда болғаны себепті «жаман» жігітімізге жақсылық жасауға тура келеді. Жақсылық пен жамандық бітпейтін мотив. Сондықтан да, қызық әрі тұздығы көп мультфильмге баруға кеңес береміз...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

485 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 01 қараша 2012, 10:46
Пікірлер
+0
01 қараша 2012, 11:37

Қызбен бірге бардым. Ол кішкентай Сластенаға ғашық болды. Мен өз кезегімде Ральфқа, оның болмысына қызықтым.

+0
01 қараша 2012, 11:38

Көр де тұрыңыз, мына мультфильмнің кейіпкерлері қуыршақ болып шығады))

+0
01 қараша 2012, 11:57

бұрын шыққан кейіпкерлер ғой, бар болуы керек

+0
01 қараша 2012, 12:04

Қызық сияқты. Көру керек.

+0
01 қараша 2012, 12:07

Уолт Диснейліктердің мультфильмдеріне сөз жоқ! Оның үстіне Ардақ та қызықтырып жазыпты, мақтап-мақтап :D

+0
01 қараша 2012, 12:10

Маша мен аю сияқты ма қалай?)))

+0
01 қараша 2012, 13:57

жоқ, оған ұқсамайды екен

+0
01 қараша 2012, 12:12

раааааааааааааааааааааааааааааааааааааальф

+0
01 қараша 2012, 15:17

дос болайықшы десеңізші))) осы мультфильмдерге еш қызыға алмай-ақ қойдым(

+0
02 қараша 2012, 00:54

қазыр ғана көріп келе жатырмын кинотеатрдан. не керек кірген бойда ұйықтадым. бір ауыз сөзін түсінсем бұйырмасын.

+0
17 қараша 2012, 01:04

маған кішкентай қыз ұнап қалт. суретін тауып алсам ғой 8-)

+0
17 қараша 2012, 13:23

Ардақ ағам күшті жазыпты мына мақаланы. Мультикке мені де апарыңызшы )))))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...