Канн кинофестивалінің үздік актрисалары

Канн кинофестивалінің үздік актрисалары
Фото: kino-teatr.ru

71-нші Канн кинофестивалінде режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рөлді сомдаған қазақстандық Самал Еслямова үздік актриса атанды. Осылайша Самал Еслямова Канн фестивалі тарихындағы 90-шы үздік актриса болып танылды. Бұл номинация кинофестиваль 1946 жылы қалыптасқалы бері бар. Алғаш болып «Пастораль симфония» фильмінің актрисасы Мишель Морган Гертруда рөлі үшін иеленіпті. Назарларыңызға Канн фестивалінің тарихындағы үздік атанған даңқты актрисаларды ұсынамыз. 

1951 жыл – Бетт Дейвис (АҚШ) «Ева» фильмі, Марго Ченнинг рөлінде 

1961 жыл – Софи Лорен (Италия) «Чочара» фильмі, Чезира рөлінде 

1962 жыл – Кэтрин Хепбёрн (АҚШ) «Ұзақ күн түнге жалғасады» фильмі, Мэри Тайрон рөлінде 

1966 жыл – Ванесса Редгрейв (Ұлыбритания) «Морган: терапияға арналған ұрымтал сәт» фильмі, Леони Делт рөлінде және 1969 жылы «Айседора» фильмі, Айседора рөлінде 

1973 жыл – Джоан Вудворд (АҚШ) «Гамма-сәулелердің әселге әсері» фильмі, Беатрис Хансдорфер рөлінде 

1987 жыл – Барбара Херши (АҚШ) «Ұялшақ адамдар» фильмі, Рут рөлінде 

1989 жыл – Мерил Стрип (АҚШ) «Қараңғыдағы айқай» фильмі, Линда Чемберлен рөлінде 

1993 жыл – Холли Хантер (АҚШ) «Пианино» фильмі, Ада Макграт рөлінде 

1995 жыл – Хелен Миррен (Ұлыбритания) «Георг корольдің сұмдығы» фильмі, Шарлотта рөлінде 

2000 жыл – Бьорк (Исландия) «Қараңғыдағы биші» фильмі, Сельма Жескова 

2001 жыл – Изабель Юппер (Франция) «Пианист қыз» фильмі, Эрика Кохут рөлінде 

2006 жыл – Пенелопа Крус Раймунда рөлінде, Кармен Маура Ирен рөлінде, Лола Дуэньяс Соледад рөлінде, Чус Лампреаве Паула тәте рөлінде, Бланка Портильо Агустина рөлінде (Испания) «Оралу» фильмі 

2010 жыл – Жюльет Бинош (Франция) «Верн көшірмесі» фильмі 

2011 жыл – Кирстен Данст (АҚШ) «Меланхолия» фильмі, Жюстин рөлінде 

2014 жыл – Джулианна Мур (АҚШ) «Жұлдызды карта» фильмі, Гавана Сегранд рөлінде

Massaget.kz