"Темір адам 3" тізгінге ерте таласты

"Темір адам 3" тізгінге ерте таласты

"Темір адам 3" фильмі Шейн Блэктың Marvel Comics компаниясы түсіріп жатқан блокбастер. 2013 жылы 3 мамырда көрсетілетін фильм Темір адам туралы өрбиді. Супержұлдыз – Тони Старктың төртінші қаһармандық рөлін алғашқы болып ойнаған "баяғы" Роберт Дауни-кіші сомдайды.

«Темір адам 3» ғалым-миллиардер Тони Старктың өз жауларын көздің жауын алатын көріністері мен ақылға қонымсыз әдістерін қолдану арқылы жеңетіні туралы. Соңғы фильмде басты кейіпкеріміздің сынағы тым ауыр болмақ. Темір киімі мен адам өмірін таразыға салған жағдай оның адамгершілігі мен ғылымда жеткен жетістігін бір-біріне қарсы қойған. Қандай да бір қиындықта ол тек өзіне, басындағы біліміне сенеді. Осындай бір шытырман сюжет көрерменнің көңілінен шығып, талғамына толықтай жауап береді деген сенімдеміз.

Фильмнің түсірілім жұмыстары биыл 22 мамырда АҚШ-тың Уилмингтон (Солтүстік Каролина) қаласында басталған. Ұзынқұлақ-журналистердің айтуынша, Джеймс Бэдж Дэйл бұл фильмде қаһарманымыздың басты қарсыласы болып ойнайды-мыс. Темір адам киіміне ұқсас костюмді киген Джеймс Эрик Савин деген кейіпкер рөлін сомдайтын болады. Алғашқы ресми трейлері 23 қазанда шығып қойған фильмнің толық таныстырылым суреттері мен ақпаратын marvel.com сайтынан алуға болады.

Десек те, фильмнің шығуына әлі де сегіз ай бар болса да, жарнамасы жаһанға тарап кеткен фильм авторлары бәсекелестерін шошытқысы келді ме екен, қазірден бастап тізгінге таласты бастап кеткен сыңайлы...  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lama.kz

А. Құлтай