Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Шәкен Айманов түсірген фильмдер

Шәкен Айманов түсірген фильмдер

Шәкен Айманов түсірген фильмдер

Кино тарихы туралы сөз болғанда, 1938 жылы түсірілген қазақтың алғашқы фильмі «Амангелді» фильмі еске оралады. Ал ұлттық киноның тарихы Шәкен Аймановтан басталады. Ол қазақтың тұңғыш кинорежиссері.

Ендеше, бүгін біз сіздермен қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздарының бірі Шәкен Айманов түсірген фильмдер туралы әңгімелейтін боламыз.

«Махаббат туралы аңыз». Шәкен Аймановтың түсірген бұл фильмі 1954 жылы экранға шыққан болатын. Фильм Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көпеш – Баян сұлу» пьесасының желісімен түсірілген. «Махаббат туралы аңыз» фильмінде Қ.Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Ш. Жандарбекова, Н. Жантөрин сынды қазақтың атақты актерлері өнер көрсетеді. Шәкен ағамыздың аталған алғашқы режиссерлік жұмысы К. Гаккельмен түсірілген.

С.Қожамқұлов

«Біз осында тұрамыз». Кинорежиссер Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген бұл кинодрамасы тың игеру тақырыбына арналған. Бұл фильмде Қазақстан даласына Кеңес Одағының әр жерінен келген жастардың тың көтеріп, астық өсіріп, отбасын құрып, өмір сүруі жайында баяндалады. Осы фильмде Шәкен Аймановтың өзі Бейісов рөлін сомдайды. Интернационализм, халықтар достығы тақырыбындағы фильмде қазақ қызы Халида мен Украинадан келген Сергей Савченко арасындағы таза махаббат сезімдері суреттеледі. Халида мен Сергей рөліндегі Л. Абдукаримова мен Л. Фринский атты актерлердің сомдауындағы қыздың ата-аналарының, туыстарының өзге біреуді өз отбасына қабылдағысы келмейтін көріністері де шынайы суреттелген. Дегенмен, махаббат жеңіп, жастар шаңырақ көтереді.

«Біз осында тұрамыз» фильмі өте жоғары бағаланып, Бүкілодақтық бірінші кинофестивальде арнаулы сыйлыққа ие болды.

«Біздің сүйікті дәрігер», «Ән шақырады», «Алдар-Көсе», «Тақиялы періште» фильмдері комедия жанрын әр саладан, әр қырынан көрсете білді. «Ән шақырады» атты фильмде музыка әлемі және орындаушылар жаңа қырынан танылса, Алдар-Көсе рөлін режиссердің өзінің орындау шеберлігінің негізінде халықты сүйікті кейіпкерімен экранда кездестіреді.

«Тақиялы періште» кинокомедиясы Әмина Өмірзақованың актерлік шеберлігін, оның үздік кинокомедиялық актриса екендігін айқын танытады. Бұл фильмдердің үшеуі де музыкалық комедия. Үш фильмде де музыка мен ән әр мақсатта пайдаланылады.

Сондай-ақ, Шәкен Айманов комедия жанрымен қатар психологиялық драма жанрына да көңіл бөліп, «Бір ауданда» («В одном районе», «Тоғысу» («Перекресток») фильмдерін түсірді. Бұл фильмдерде режиссер адамның ішкі дүниесін ашуға ұмтылады.

«Тоғысу» («Перекресток») фильмінде дәрігер Ғалия Исламова мен оның сүйіктісі судья Ескендір «адам және заң» проблемасында бетпе-бет келеді. Фильмнің сюжеті бойынша Ескендір заң негізінде адамды соттау жөнінде шешім шығарады, ал Ғалия ол адамның кінәсі жоқ екендігін жақсы білетін болады. Осы мәселелер кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіріп, олардың мінездерін, сезімдерін, наным-сенімдерін тереңірек аша түседі.

Жалғасы бар...

Суреттер: megatorrents.org,kino-teatr.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

18223 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 10 қазан 2012, 09:25
Пікірлер
+0
10 қазан 2012, 09:34

Тақиялы періште - ееееееең жақсы көретін фильмім, қанша рет көрсем де жалықпаймын ;) енді Махаббат туралы аңызды көргім келіп отыр, қайдан тапсам болады? білетіндер бар ма?

+0
10 қазан 2012, 09:37

Қайран Шәкен-ай))

+0
10 қазан 2012, 10:32

керемет кинолар ғой, баға жеткісіз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...

Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі
Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі

"Отбасым - ол менің бар байлығым, баға жетпес асыл қазынам! Отбасым - ол менің аяулы...

Аспазхана,дәмхана құпиялары
Аспазхана,дәмхана құпиялары

Әр мамандықтың өзіндік құпиялары мен сырлары болады. Біз бүгін аспаз болудың...

Құлтемірдің құлы болма!
Құлтемірдің құлы болма!

Телефондарға адам баласынның қызмет етуі


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...