Ғарышкерлер туралы фильм қазақ тіліне аударылды

Ғарышкерлер туралы фильм қазақ тіліне аударылды
Фото: Kinino.ru

BAZELEVS және Третий Рим студиясы осы көктемде «Алғашқылар дәуірі» атты 3D форматында түсірілген ғарыш жайындағы ресейлік алғашқы ауқымды фильмін ұсынады. Сонымен қатар қазақстандық көрермендерге арнайы қазақ тіліне дубляждалған нұсқасы жарияланады.

«Алғашқылар дәуірі» – адамзаттың тұңғыш рет ғарыш сапарына аттанған басты рөлдердегі Евгений Миронов (Алексей Леонов) пен Константин Хабенский (Павел Беляев) жайлы блокбастер. Тимур Бекмамбетов және Евгений Мироновтың продюссерлік жобасы «Алғашқылар дәуірі» үлкен экрандарға 3D/2D форматтарында биыл 6 сәуірде шығады.

Қазақ дубляжының режиссері – Айжан Жәмшитова. Басты рөлдегі кейіпкерлерге Қанапияев Азамат (Алексей Леонов), Құлжанов Ғани (Константин Хабенский) және Әлпейісов Бақытжан (Сергей Королев) қазақша үн берді.

Режиссер Дмиртрий Киселевтің және оператор Владимир Баштының «Алғашқылар дәуірі» фильмі – адамзаттың тұнғыш рет ғарыш кеңістігіне аттанған «Восход-2» ғарыш кемесінің ұшу жайында шынайы тарихы. BAZELEVS студиясының шығармашылық тобы заманауи технологиялардың көмегімен Алексей Леонов (Евгений Миронов) және Павел Беляевтың (Константин Хабенский) ұшу мән жайларын, драмалық оқиғаларын және экипаждың жерге оралуын қайта жаңартады. Алексей Архиповичтің айтуы бойынша, «Восход-2» кемесінің ұшу барысында жеті штаттан тыс оқиға болды, оның үшеуі я болмаса төртеуі өлімге әкеліп соқтырды...».

6 сәуірден бастап еліміздің барлық кинотеатрында көре аласыздар. Жоба «Болашақ» Корпоративтік қоры «Marwin» компаниясының қолдауымен жүзеге асып отыр. 

Г. Берік