«Гоголь» сериалының алғашқы трейлері жарыққа шықты

«Гоголь» сериалының алғашқы трейлері жарыққа шықты
Фото: vogue.com

Желіде режиссер Егор Барановтың жаңа туындысының трейлері жарық көрді. Ол — «Гоголь» мистикалық сериалы. Басты рөлдерді Александр Петров, Олег Меньшиков, Таисия Вилкова, Артем Ткаченко, Евгений Стычкин мен Ян Цапник сомдайды.

«Гоголь» сериалының сюжеті мен стилистикалық безендірілуі 1999 жылы түсірілген Тим Бертоннің «Ұйқылы алқап» атты фильміне ұқсас. Оқиға жас Николай Васильевич Гоголь мен Яков Петрович Гуро есімді тергеушінің адамдар белгісіз жағдайда жоғалып кете беретін Диканька ауылына келуінен басталады.

Анықталған ақпараттар бойынша, сериал алдымен кинотеатрларда, кейін телеарналарда көрсетілетін болады.

Бірінші бөлімнің премьерасы 2017 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

А. Оралқызы