Лос-Анджелесте әлемдегі ең беделді «Оскар 2017» сыйлығын табыстау шарасы өтуде

Лос-Анджелесте әлемдегі ең беделді «Оскар 2017» сыйлығын табыстау шарасы өтуде
Фото: vogue.com

1.  ABC телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 

2.  «Оскар» мүсінінің биіктігі - 33 сантиметр, салмағы - 3,9 килограмм. 

3.  Дэмьен Шазеллдің  «Ла-Ла Ленд» мюзикл фильмі 14 номинацияға ұсынылған. Бұл – «Оскар» марапатының рекорды. Бұрын-соңды 1951 жылы «Ева туралы» фильмі мен 1998 жылы «Титаник» картинасы осынша номинацияға ұсынылған болатын. 

4. Жақында Lionsgate Films және IAMAG компаниялары «Ла-Ла Ленд» фильмінің түсірімі барысында орын алған жағдайларға қатысты видео ақпараттар жариялады.

5. Салтанатты шараның биылға жүргізушісі – Джимми Киммел. 

6. Белгілі дизайнер Карл Лагерфельд пен талантты актриса Мэрил Стрип арасында Chanel көйлегіне байланысты орын алған жанжалға байланысты оның биылға шараға арналған көйлегін кім тіккен екен деген ой АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарын мазалаған болатын. Сұрақтың жауабы белгілі болды. Стрип шараға Elie Saab сән үйінің көркем көйлегін киіп келді.

7«Костюмдердің үздік дизайны» номинациясы бойынша 5 картина ұсынылды: «Сыбайластар», «Ғажайып аңдар және олардың мекені», «Флоренс Фостер Дженкинс», «Джеки» мен «Ла-Ла Ленд».

8Америка кинематографиялық өнер және ғылым академиясы кино өндірісіне сіңірген еңбегі үшін берілетін «Оскардың» арнайы номинациясына биыл Джеки Чанды лайық деп тапты. Актер мүсінді 2016 жылдың қараша айында алған болатын.

Қызықтың бәрі алда. Нәтижесін күтейік.

А. Оралқызы