Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Уақыт ілмегі» фильмінің премьерасы

«Уақыт ілмегі» фильмінің премьерасы

«Уақыт ілмегі» фильмінің премьерасы

Таяудағы болашақ. Әрине, ондағы қоғамда да криминал бар. Криминал дегенде де, бір ерекшелігі онда адам өлтіру атымен жоқ. Неге дейсіз бе? Ондағы «жағымсыз» адамды полиэтиленге орайды екен де... өткен заманға жібереді. Келімсекке 9 грамм қорғасын егеді, содан кейін жерге көмеді.

Бәрі осы сюжетпен жалғаса берер ме еді, қайтер еді, егер сол целофанға оратылған келімсек біздің баяғы танысымыз, егде тартқан Джо (Брюс Уиллис) болмаса. Өз жұмысын жасауға, яғни басты кейіпкеріміздің көзін жою үшін тағы да бір Джо есімді жігіт сайланады. Яғни, бас кейіпкеріміздің өзі екен де, бірақ жас кезі.

Міне, осындай қиын жағдай. Әрине, жасамыс Джо «қарсыласынан» ақылдырақ боп шығады. Тірі қалуы былай тұрсын, өз қарсыластарының тізімін ақырын ғана жасай бастайды.

Брюс 57 жасқа келіп, шау тартса да әлі тың екенін бізге бір рет қана мойындатқан жоқ. Соңғы кезде деңгейі төмендеу фильмдерге түсіп жүргенімен, көзайымымызға айналған әртісті әлі де талғамнан тысқары шығарар емеспіз.

Ал Гордон-Левитт ше? Жастардың ішінде сенімді ақтайды дейтіндердің бірі әрі бірегейі. Есіңізде болса, Джозеф соңғы Бэтменде атақты әрі дәстүрлі образдың жалғастырушысы ретінде жарғанаттың рөлін сомдаған еді. Ғаламтордағы пікіршілердің басым бөлігі оны әйгілі Леонардо Ди Каприомен салыстыруға шебер. Аталмыш картинадағы кейіпкері талай қыздың жүрек соғысын жиілетіп жіберген де шығар, кім білсін...

 «Ілмек»

Фильм идеясы Райан Джонсонға 2005 жылы «Кірпіш» фильмінен соң бірден келгенге ұқсайды. Гордон-Левиттке деген сенімі «Уақыт ілмегі» фильмінде басты рөлдердің бірін беріп қана қоймай, образды да өзінің Джозеф есімді ныспысын қысқартып беріп отыр. Райанның сөзіне сенсек, тіпті бұл рөлдің өзін арнайы Джоға жазыпты.

Ал Уиллистің жас кезін сомдайтындай етіп ұқсау үшін жас Джоға опа-далаптың түр-түрін қолдануға тура келген екен. Визажист қызметін әйгілі Казухиро Цудзи («Қара киімділер» фильмінде жұмыс жасаған) өз мойнына алыпты.

Ақиқат

Шынтуайтына келгенде, бұл фильм 2007 жылы испандықтардың тарапынан түсіріліп қойған ("Los cronocrímenes"-«уақыт ілмегі»). Голливуд аз бюджетке түсірілген фильмді қайта түсіруге рұқсат алып, міне, 5 жыл уақыт өткен соң үйреншікті қызылды-жасылды бояу мен эффект қосып тәуелдеп алды.

http://www.imdb.com/video/imdb/vi2807103513/ «Уақыт ілмегі» фильмінің Испанияда түсірілген 2007 жылғы нұсқасы

Дайындаған Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет:rel.org.ua

207 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 27 қыркүйек 2012, 23:24
Пікірлер
+0
28 қыркүйек 2012, 00:00

Брюс Уиллис секілді әртістер кино әлемін ұшпаққа шығармақ. Жаңа кино жаңалықтарға толы деп ойлаймын

+0
28 қыркүйек 2012, 01:44

Голливудтың идеялар жұтаңдығына ұшырап жүргендігіне налимын ше, бүкіл әлем сол тұсты назарда ұстап отыр емес пе...

+0
28 қыркүйек 2012, 09:11

Тағы бір боевик...

+0
28 қыркүйек 2012, 13:56

Аптыр, сен Киностанға материал жазып тұрсаңшы

+0
28 қыркүйек 2012, 15:48

жазайық

+0
01 қазан 2012, 14:14

Материалдар күтеміз ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...