Алматыда "Еуразия" кинофестивалі басталды

Алматыда "Еуразия" кинофестивалі басталды

Алматыда VIII халықаралық "Еуразия" кинофестивалі басталды. Республика сарайының алдындағы қызыл кілемнен Қазақстан, Ресей, АҚШ елдерінің кино майталмандары жүріп өтті.

Фестиваль төрағасы "Қазақфильм" АҚ президенті Ермек Аманшаев кинофестивальді ашық деп жариялап, шараның қала өміріндегі мән-маңызы туралы айтты. Ол, сонымен қатар, қазақстандық кино өнерінің дамуына үлес қосып, жыл сайынғы мерекенің өтуіне жәрдем етіп жүрген барша жанға алғысын білдірді. 

ыв

Қазақстандық актриса Әсел Сағатова

Америкалық актер Деннис Хэйсберт пен қазақстандық актриса Аружан Джазильбекова елге танымал режиссер Асанәлі Әшімовке "Қазақстан киносының аңызы" премиясын тарту ете отырып, оны биылғы 75 жылдығымен құттықтап, ықыласын білдірді. Әшімов өз кезегінде бұл сыйдың жүрегінде мәңгі қалатынын айтты.

ыв

Неміс режиссері Вольфганг Петерсон

Кинофестивальді Әмір Қарақұловтың "Виртуалды махаббат" картинасы ашты. Фильмдегі басты рөлді қазақстандық актриса Бибігүл Сүйіншалиева сомдап шықты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Ярослав Радловский