Әлемді таңдандырған Pixar

Әлемді таңдандырған Pixar
Фото: www.diariodemexico.com.mx, www.nytimes.com, tachkivsem.ru

Бір тақырыпқа қайта-қайта соғатын кездер болады. Солардың бірі мултьфильм тақырыбы. Біздер әдетте дайын өнімді ғана көреміз. Ал, мультфильмнің қалай түсірілетіндігін, кімдер тер төгетіндігін біле бермейміз. Білсек те мән бермейміз. Мультфильм түсіру кино түсіруден де қиын жұмыс. Ол үлкен еңбек пен қажырлықты талап етеді. Бүгінгі әңгіме әлемдегі үлкен студиялардың бірі – Pixar туралы болмақ. Әр нәрсенің тарихы болатыны белгілі. Осы ретте аталмыш студияның тарихына тоқталып кетуді жөн көрдік. 

Эда Кэтмел мен Элви Смита есімді қарапайым американдық жастардың арманы әлемге танымал студия ашу еді. Pixar студиясының негізгі бөлігін Элви Рэй Смит құрады. Алғашында ол өзінің туған жерінен алыс мекендегі Беркли университетінде оқытушы қызметін атқарады. Бұл жерде Элви Рэй Смит компьютердің тілін жетік білетін көптеген мамандармен танысады. Солардың бірі – Дик Щуп болатын. Бұл жердегі күшті компьютерлердің барлығы Xerox компаниясына тиесілі еді. Мұндағы копьютерлердің көмегімен көптеген жұмыстарды атқаруға болатын. 

Кейін Xerox компаниясы дағдарысқа ұшырап, жұмысын біржола тоқтатады. Осы кезде Элви дереу іске кірісіп, заңсыз түрде компания қызметкерлерін жұмысқа алады. Бұл орталықта жүріп Элви Pixar анимациялық студиясының екінші құрушысы Эда Кетмелмен танысады. Бұлардың басты мақсаттары – нағыз анимациялық фильм түсіру болатын. Элви күшті деген техникаларды сатып алып, кәсіпқой мамандарды тартқаннан кейін бұлардың жұмысы өз нәтижесін бере бастайды. Екеуі ақылдаса келіп, қысқаметражды мултьфильмдер түсіретін Pixar студиясын дүниеге алып келеді. Сөйтіп, 1986 жылы АҚШ-тың Калифорния шататында әлемге әйгілі Pixar студиясы ашылады.

Студияға керек техникалардың қымбаттылығы, актерлерге төленетін қаламақы осылардың барлығы Pixar студиясын құртып жіберуге шақ қалды. Оны бұл жағдайдан аниматор Джон Лассетер ғана құтқарып қалады. Бұл студияның алғашқы қысқаметражды мульфильмі «Andre and Wally B» деген атпен жарық көреді. Бар болғаны 90 секундқа созылатын бұл дүние Pixar-ды қаржылық қиыншылықтан аман алып қалады. Осы тұста оларға «RenderMan» компаниясы өзінің тауарларын ұсынды. Осының арқасында Pixar студиясы өзгеше жарықпен әсерлендірілген «Оловянная игрушка» деген туындысын дүниеге әкеледі. Бұл мультфильм «Оскар» жүлдесін жеңіп алады. Қарқынды дамыған Pixar студиясының әлгі жарығы «Титаник», «Властелин колец», «Матрица» секілді фильмдерде де қолданылады.

Pixar анимациялық студиясы 1995 жылдың 22-ші қарашасында өзінің анимациялық фильмдерінің стилін түбегейлі өзгертті. Өзінің тұңғыш фильмі «Ойыншықтар тарихы» («История игрушек») туындысын жарыққа шығарады. Бұл фильм анимациялық студиялар арасында ең үлкен табысқа жетеді. Оның табысы 362 миллион долларды құрайды. Тура 10 жыл өткенде Эда Кэтмел мен Джон Лассетердің маңайына білікті мамандар мен бағдарламашылар, мықты аниматорлар жиналады. «Ойыншықтар тарихы» («Истории игрушек») фильмінің режиссері Джон Алан Лассетер Оскар жүлдесінің «табысқа деген ынтасы үшін» бағамын жеңіп алады.

1995 жылдан кейін Pixar Disney стидуясымен бірігіп «Приключения Флика» (1998), «История игрушек-2» (1999), «Корпорация монстров» (2001), «В поисках Немо» (2003), «Суперсемейка» (2004), «Тачки» (2006), «Рататуй» (2007), «ВАЛЛ-И» (2008), «Вверх» (2010) толықметражды мултьфильмдерін шығарады. Сонымен қатар «История игрушек: Большой побег» толықметражды анимациялық фильмі 2010 жылдың маусым айында экранға жол тартады. Бұл туындылары шыққаннан кейін қаржылық мәселе өз шешімін табады. Pixar анимациялық студиясы сыншылардың жоғарғы бағасына ие болады.

Pixar студиясының толықметражды фильмдерден тапқан барлық табысы $6,5 миллиард құрайды. «История Игрушек: Большой побег» туындысы жарыққа шыққаннан кейін Pixar Оскар сыйлығының 40 номинациясын, 9 Оскар сыйлығын, 7 Алтын Глобусты жеңіп алған. Тағы да қаржылық дағдарысқа тап болған Pixar студиясы Walt Disney Pictures компаниясына $7,4 миллиардқа сатылады. Бірақ Pixar өзінің стилін сақтап қалды. Оның мультфильмдерін көріп отырғанда бірден ажыратуға болады.

Pixar-лықтар өзіне мол қаржы алып келген «Көліктер» («Тачки») атты мультфильмін 2006 жылы түсіреді. Бұл мультфильм $120 миллион көлемінде пайда әкелген. Мультфильмнің басты қаһармандары кәдімгі көліктер. Молния Маккуин есімді көлік өмір бойы жарыстың жолында ғұмыр кешеді. Үлкен Кубок үшін болған жарыста ол Кингом және Чико Хиксом атты көліктермен мәреге бірдей келеді. Шешуші жарыс Калифорнияда өтетін болып келісіледі. Бұл жарыста Маккуин тәртіп бұзғаны үшін тұтқындалып, жарыс тағы да кейінге қалдырылады. Содан кейінгі жарыста қарсыластарының бәрінен бұрын келіп, қатарынан төрт мәрте үлкен кубокті жеңіп алады. Мультфильмде көліктер кәдімгі адамдарша сөйлейді. Мультфильмнің дизайнері Боб Поли (Bob Pauley) былай дейді: 

– Ең бірінші Джон Лассетер көліктердің көзін терезеден шығаруды ойлады. Мен бұған наразылық таныттым. Біртүрлі оғаш көрінетіндей әсерде болдым. Мен ол кісіге көліктердің жарық шығаратын фарларының орнына көз қояйық деген ұсынысымды айттым. Сөйтіп, бұл мәселе өз шешімін тапты. Бұл мультфильмнің ерекшелігі көліктердің адамша сөйлеуінде. Туындымыз өте сәтті шықты. 

Басты рөлді Глен Маккуина ойнауы керек болатын. Бірақ оның 2002 жылы қаза болуына байланысты, бұл рөлді актер Стива Маккуина ойнап шығады. 

Pixar анимациялық студиясының негізін қалаушы әрі режиссері, аниматор Джон Алан Лассетердің  сұхбатын оқып, танымал студияның қызық әлеміне сапар шегіңізідер! 

– Біршама жыл үлкен проектілермен жұмыс істегеннен кейін режиссерлікке қайтып оралдыңыз. Бұл қызығушылық па әлде табыс табудың көзі ме? Не болмаса сіз үшін бәрінен режиссерлік мамандық маңызды ма? 

– Бірінші кезекте мен анимацияның төл баласымын. Мен ойыншықтардың коллекциясын жинап, оны саудалай аламын. Сонымен қатар мультфильм түсіргенді жаным қалайтыны рас. Шындығына келер болсақ менің барлық істеп жүрген тірлігім – балғын балалардың жан дүниесі үшін. Бұл Pixar студиясының барлық жұмысшысына тән. Менің бір қуанатыным біз балалар мен үлкендер үшін фильмдер мен мультфильмдерді дүниеге әкеліп, оларға көңіл-күй сыйлаймыз. Балаларыма: «өздеріңе деген сенімдікті жоғалтпаңдар, күн сайын өздерің қалаған іспен айналысыңдар» деп үнемі айтып отырамын. «Көліктер» мультфильміндегі кейіпкерлер сөйлейтін болса, бұл менің оларды жақсы көретіндігім. Менің әкем Лос-Анджелес қаласының маңындағы «Шевройл» компаниясында менеджер болып қызмет атқарды. Ал, анам сурет пәнінің мұғалімі, сол себептен де мен жазда әкемнің жұмыс орнында болатынмын. Әкем көліктерді өте жақсы көретін. Оларға қарау сондай керемет болатын. Біртүрлі өзіңді басқа әлемде жүргендей сезінесің. Pixar үшін біздің өмірлік тәжірибеміз маңызды, себебі өмір көрген жандар ғана ұлы істерді тудыра алады. Режиссерлікке өз қалауыммен келдім. Өйткені мен нағыз мықты туындыларды түсіре алатындығыма сенімді болдым. Мен үшін әр кейіпкердің жан-дүниесі қымбат, сол үшін мен актерлармен көп әңгімелесемін. Оларға режиссер ретінде емес, досым, сырласым ретінде қараймын. Олар өздеріне көңіл аударғанды жақсы көреді. Мен әрқашан мықты актерларды шығаруға тырысамын. Осы ретте Холли Шифтвелл, Эмили Мортимер, италиялық машинаның рөлін сомдаған Джон Туртурро, Эдди Иззард әрине Оуэн Уилсон және  Ларри Кейбл Гайдың ерен еңбектерін айтып өткім келеді. Мен өте әңгімешіл адам болғандықтан эмоцияға көп берілемін. Экранға көңіл-күйді алып шығуға тырысамын. Сонда ғана жақсы әрі тартымды дүние шығады. 

– Алдағы 25 жылда Pixar-дың жағдайы қалай болмақ? 25 жыл бұрынғы уақыт аралығы компанияға не берді? 

– Біздер ешқашан артымызға бұрылып қарамаймыз. Мақсатымыз – тек алға ұмтылу. Біздің алдағы тағдырымызды шешетін, тек мықты фильмдеріміз дей аламын. Бізде бір уақытта 4-5 картина жазылып жатады. Бұл компанияның соншалық өскенін көрсетеді. Осы уақытқа дейін мықты анимациялық фильмдер мен мультфильмдерді дүниеге алып келгенімізді мақтаныш тұтамыз. Біз адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлай білдік, әлемдегі ең мықты студиялардың бірін құрдық. Pixar әлемдік брендкке айналды. Pixar – сөзсіз феномен!

– Сценариймен жұмыс істеген кезде бәріңіз бірлесіп, ақылдасып барып өз идеяларыңызды ортаға саласыздар деп ойлаймын. «Көліктер» мультфильмін түсіргенде қиындықтар туғанын жақсы білеміз. Ауызбіршіліктеріңіз қалай? 

– Біз ойланып барып жұмыс жасаймыз. Кейде көп ойлануға тура келітін жағдай болады. «Көліктер» мультфильмі ойлануды қажет етті. «Көліктер» мультфильмін түсіргенде әлемді таңғалдырда алдық. Бізге бәрі қызығушылық танытты. Менің арманым әлемдегі ең үздік мультфильм түсіру. Сол арманыма жеткен сияқтымын. Бірақ осымен болдым-толдым дей алмаймын. Әлі де болса көп еңбек ету керек. Еңбек етсең ешнәрсе еш кетпейді. Бір сәтсіздіктің бір сәттілігі болады. 

– Pixar-дың қандай фильмдерінің жалғасы түсіріліп, қандай фильмдердің жалғасы түсірілмейді?

– Бәрі сценарий авторларына байланысты. Нақты ештеңе айта алмаймын. Көп дегенде сиквел болады ғой. («сиквел» ағылшынша sequel [siːkwəl] жалғасы деген мағына береді. Ол фильм немесе өнер туындысы болуы мүмкін). Триквел түсіріп көрген жоқпыз. Өйткені сценарий жазу оңай емес. Жалғасын түсіру үшін авторлардың сол туындыға деген қызығушылығы болуы керек, оқиғаны бір нәрсемен байланыстыруы керек дегендей. Сапасыз дүние түсіргіміз келмейді. Осы кезге дейін түсірген «История игрушек» («Ойыншықтар тарихы») мен («Тачки») «Көліктердің» жалғасын түсірдік. Бұл туындыларды түсіріп болғаннан кейін оның кейіпкерлері менің жақын достарыма айналды. Мен әлемді осылай жаралғаны үшін сүйемін. Менің ойымша әрбір ойыншықтың, әрбір көліктің тарихы бар. Барлық нәрсенің жаны бар секілді көрінеді маған. Біз сиквелді қаржылық дағдарыстың әсерінен түсірген жоқпыз, көрмендерімізге тағы да қуаныш сыйлағымыз келгендіктен жалғасын түсіруді жөн деп таптық. 

– Сіз көп дүниелерді өзімнің балалығымнан алдым дедіңіз. Бұл рас па? 

– Иә, әрине!

– Сол туралы толығырақ айтып өтсеңіз. 

– Автокөлік мәдениеті Лос-Анджелесте өте жоғары болды. Әкемнің «Шевройл» компаниясында жұмыс істеуі маған көп көмегін тигізді. Оларды мықты көліктер көп болатын. Олар: «Шевроле Камаро», «Шевели», «Корвет» және басқа да көліктер көп болды. Көліктердің жаңа модельдерін жасағанды тамашалау сондай ғанибет болатын. Көліктерге деген махаббатым сол жерде оянды десем де болады. Сол себепті де мен өз туындыларымды бәрі шынайы болғанын қаладым, балалық шақтарымды еске түсіріп, соларды сценаристерге айтып бердім. Олар мықты дүние етіп жазып шықты. Міне «Көліктер» мультфильмі осылай дүниеге келген болатын. Бұл мультфильм Pixar-дың ең үздік картиналарының бірі. Мықты дүниені өмірге алып келу оңай емес. Ол үшін көп адам тер төгуі тиіс. Сонда ғана нәтиже болмақ. Әр қызметкер өз ісіне жауапкершілікпен қарамаса жақсы дүние шықпайды. Біздің студияның қызметкерлерінің барлығы өз ісінің нағыз мамандары деп ауыз толтырып айта аламын. 

– Сіз анимациялық автокөліктерге қалай қарайсыз? Бұл ақылға қонбайтын жайт емес пе? 

– Ешқандай да ақылға қонбайтын ештеңесі жоқ. Қазіргі кезде түсіріліп жатқан дүниелердің барлығы қиялдан туып жатыр. Адамдардың талғамымен санасу керек. Оларға керек дүниені берген дұрыс. Жақсысын өздері-ақ таңдап алады. Біздің түсіргеніміз қарапайым кейіпкерлер. Біз тек оларға жан бере білдік. Туындымыз сәтті шықты. «Рататуй», «ВАЛЛ-И», «В поисках Немо» деген туындыларымыз да жақсы шықты десек болады. Бұлардың бәрі өз көрермендерін тапты. Алдағы уақытта тағы да үлкен дүниелерді түсіруді жоспарлап отырмыз. Ол енді уақыттың еншісіндегі нәрсе. 

Иә, бәріне уақыт төреші. Біз көрермен ретінде Pixar-дан тың туындылар күтеміз. Жасай бер, Pixar! 

Ж. Жұмағұлов