"Моана" мультфильмінің қазақша трейлері жарық көрді

"Моана" мультфильмінің қазақша трейлері жарық көрді
Фото: massaget.kz

Дисней студиясы ұсынған толықметражды "Моана" мультфильмінің қазақ тіліндегі трейлері жарық көрді. Мультфильмнің тұсаукесері 2016 жылы 1 желтоқсан күніне жоспарланған.

Лидия Кәден, Назерке Серікболова, Мақпал Исабекова, Бүркіт, Жәнібек Мұсаев және Сырым Қашқабаев сынды Қазақстан әншілері мен актерлері мультфильмнің басты кейіпкерлеріне өз дауыстарын сыйлады.

Еске сала кетейік, "Моана" – 2016 жылы "Болашақ" Корпоративтік қорымен қазақ тіліне дубляждалған Дисней студиясының  үшінші кинотуындысы, ал 2011 жылдан бері дубляждалған 16-шы фильм. Моана – Диснейдің жаңа ханшайымы, Туи көсемінің қызы, 14 жасар арманшыл қыз. Ол досы – жартылай құдай Мауимен бірге шексіз мұхитқа сапарға аттанады. Оқиға желісі 2000 жыл бұрын Тынық мұхиты аралдарында өрбиді. 

Disney "Моанасының" ағылшын тіліндегі нұсқасын Аулии Кравалхо (Моана), қаһарман образын сомдап жүрген Дуэйн Джонсон (Мауи) дыбыстаған. Сонымен қатар, Джемейн Клемент (Таматоа), Рэйчел Хаус (Тала), Темуэр Моррисон (Туи), танымал әнші Николь Шерзингер (Сина) дыбыстаушылар тізіміне енген.

Қазақ тіліндегі дубляж режиссері Рита Әбішева, жобаның музыкалық жетекшісі Күнімгүл Борамбаева. 

Г. Берік