Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Бүгін - қазақ киносының күні

Бүгін - қазақ киносының күні

Бүгін - қазақ киносының күні

2005 жылы Қазақстан кинематографистері одағының басшысы Бауыржан Нөгербеков бұл күнді (12 қыркүйек) «Қазақ киносының күні» деп атауды ұсынды. Содан бастап бұл дата жыл сайын атап өтіліп келеді, деп хабарлайды Қазақпарат. Демек, бүгін тарихтың тарам-тарам жолдарын таспаға басып, болашаққа бояуы қанық өнеге жинап, кешегі күннен аңыз аңқыған қазақ киносының күні. Бүгін етегін жинап ел болғалы көшін түзеп сапасы мен санын арттырған төл өнеріміздің күні. Бабалар даналығын дәріптеген, аталар аманатын арқалаған, заманның заңғары мен өмірдің заңдарын таспаға түсірген мәдени мұрамыздың күні. Бұл күннің тарих бетінде мереке болып аталғанына да көп болған жоқ.

Қазақ киносы қазақ жерінде Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Режиссер В.А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың біріне саналатын Түркістан - Сібір темір жолы құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 жылы Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарып тұратын Республикалық киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді" көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады.

2 дүниежүзілік соғыс жылдарында «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, Біріккен орталық киностудия деген атпен өзінің қызметін бастады. 1941 жылы Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдасып, 1944 жылы ол Алматының көркем және деректі-шежірелік фильмдер студиясы деп аталды. Бұл орда кейіннен, 1960 жылдан бастап «Қазақфильм» деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды.

2 дүниежүзілік соғыс жылдарында халық батырлығы туралы, заманауи тақырыпқа арналған картиналар шықты. Олар: «Абай әні» (1946), «Махаббат дастаны» (1954), «Шоқан Уәлиханов» (1957), «Қыз Жібек» (1972), «Ботагөз» (1957), «Атаманның ақыры» (1971), «Орман балладасы» (1972), «Біздің сүйікті дәрігер» (1957), «Менің атым Қожа» (1963), т.б. Қазақ киносын дамытуға  Ш. Айманов, М. Бегалин, О. Әбішев, С. Қожамқұловтар ат салысса, актерлерден Қ.Қуанышбаев, Н. Жантөрин, Ә. Өмірзақова сынды тұлғалар еңбек сіңірді.

Осыншама тарихты артқа тастап, қазақ киносы әлі де өркен жайып келеді. Көрермен көңілінен шығып, халықтың сұранысына сай түсіріліп жатқан туындылар қазір де жоқ емес.

Болашақта да қазақ болмысы мен төл өнерімізді өрге шығара берсін деген ниетпен қазақ киносына шығармашылық табыстар тілейміз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: kinostudia.kazakh.ru, oks.kz, alashainasy.kz

9185 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 12 қыркүйек 2012, 12:54
Пікірлер
+0
12 қыркүйек 2012, 13:05

Жасасын қазақ киносы!

+0
12 қыркүйек 2012, 13:06

Шәкен Аймановтың да туған күні десе болатын шығар, ол кісінің еңбегі аса үлкен! Туған күніңмен, қазақ киносы!

+0
12 қыркүйек 2012, 18:11

туған күніңмен :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...