Бекмамбетовтың Алматыдағы кинотеатры қарашада ашылады

Бекмамбетовтың Алматыдағы кинотеатры қарашада ашылады

Алматыдағы "Алмалы" сауда орталығындағы Bekmambetov Cinema кинотеатрының ашылуы 2012 жылдың 15 қарашасына дейін шегерілді.

Режиссер Тимур Бекмамбетовтың Қазақстандағы өкілі Ирен Ванидовскаяның айтуынша, кинотетрдың ашылу салтанаты 2012 жылдың 15 қарашасында өтеді. Шараның формасы құпия болса да, өкіл жиын өте қызықты болады дегенді айтты. Айта кетелік, бұған дейін аталған кинотеатр маусым айының ішінде ашылады деп жоспарланған болатын.

ва

Кинотеатр фойесі мен VIP-зал

Жаңа кинотеатр 400 адамға есептелген. Бекмамбетов өкілдерінің айтуынша, репертуар жасаумен режиссердің өзі айналысады. "Бұл жабық киноклуб емес, кәдімгі коммерциялық кинотетар болады. Жалпы прокаттағы барлық фильмдер көрсетіледі. Сонымен қатар, Тимурдың көңілінен шыққан фильмдер де көрерменге ұсынылатын болады", - деді Ванидовская. Бұл жерде түрлі киносыншылар мен киномандармен кездесіп, сұхбаттасып отыруға да болады. 

Bekmambetov Cinema үш стандартты және үш VIP-залдан тұрады. Сонымен қатар, алдыңғы орындықтардың арқалықтарында 3D көзілдіріктерге арналған қалташа болады. Кинотеатрдың тағы бір ерекшелігі залдан шықпай-ақ барға тапсырыс беру мүмкіндігінің барлығы.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: runyweb.com, cinemotionlab-l.livejournal.com