«28 панфиловшы» фильмінің ресми трейлері жарияланды

«28 панфиловшы» фильмінің ресми трейлері жарияланды
Фото: fishki.net

Желіде «28 панфиловшы» фильмінің ресми трейлері жарияланды. И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының ерлігі суреттелген әскери драма биыл 24 қарашадан бастап көрермеге жол тартпақ.

Фильмді түсірушілер бұған дейін кинолентаның Дубосеково разъезі түбінде ерен ерлік көрсеткен панфиловшы-батырлардың шайқасына 75 жыл толуына орай шығарылатынын мәлімдеген.

Еске сала кетейік, картина 2009 жылы жоспарланған. Әуел баста ол «халықтық жоба» саналып, «краудфандинг» әдісімен оны түсіруге 34 миллион рубль жиналған. Кейін Қазақстан мен Ресей мәдениет министрліктері қаржы бөлді. Фильмнің жалпы бюджеті 150 миллион рубльді құрайды.

Дереккөз: іnform.kz

Е. Жұмабайұлы