Маусым айында жарыққа шығатын фильмдер #3

Маусым айында жарыққа шығатын фильмдер #3
Фото: helloforos.com

Жаз айы – демалыс маусымы. Бұл уақытты құр жібергісі келмейтін жандар өз қызығушылығына қарай әртүрлі тынығады. Кейбірі әлеуметтік желілерден тыйылса, бірі жаңа кино күтеді. Қызығушылығын соңғы мысалмен байланыстыратын оқырмандар жаздың алғашқы айында кинотеатрлардан мына фильмдерді тамашалай алады.

«Алып әрі мейірімді дәу» (түпнұсқасы: «The BFG », орысшасы: «Большой и добрый великан») Ұлыбритания, Канада, АҚШ, 2016 

Режиссері: Стивен Спилберг
Жанры: Фэнтези
Рөлдерде: Ребекка Холл, Марк Райлэнс, Билл Хейдер, Джемейн Клемент, Пенелопа Уилтон, Адам Годли, Оулавюр Дарри Оулафссон, Джон Эммет Трэйси, Руби Барнхилл, Майкл Адамуэйт

«Чарли және шоколад фабрикасы» повесінің авторы Роальд Дальдің «Алып әрі мейірімді дәу» туындысы желісімен түсірілген фильмді отбасымен бірге көруге болады. 30 маусымда жарыққа шығатын фильм Софи есімді кішкентай қыз туралы. Алып дәу түнгі бірде ғана қаланы аралап, өзіне керектісін өзімен бірге алып кететін. Бұл жолы оның көзі осы Софиге түседі.

«Қирату» (түпнұсқасы: «Demolition», орысшасы: «Разрушение») АҚШ, 2015 

Режиссері: Жан-Марк Валле 
Жанры: Драма 
Рөлдерде: Джейк Джилленхол, Наоми Уоттс, Крис Купер, Хезер Линд, Полли Дрэйпер, Брендан Дулинг, Джуда Льюис, Хани Эвиталь, Уасс М. Стивенс, Селия Ау 

Инвестициялық банкир жарының қазасынан есеңгіреп қалады. Өңі мен түсін ажырата алмай біраз жүрген ол кезінде жіберген қателіктерімен күреседі. Қызыққа толы фильм маусымның соңғы күні жария болады.

«Тарзан» (түпнұсқасы: «Tarzan», орысшасы: «Тарзан») АҚШ, 2016 

Режиссері: Дэвид Йэтс 
Жанры: Боевик 
Рөлдерде: Александр Скарсгард, Марго Робби, Кристоф Вальц, Сэмюэл Л. Джексон, Джимон Хонсу, Джон Хёрт, Элла Пернелл, Саймон Расселл Бил, Лоуренс Спэллман, Ласко Аткинс 

Лондондағы өмірге үйреніп келе жатқан Тарзан бұрынғы туғандарының халін білуге джунглиге қайта оралады. Тарзан Лондонға қайтып келе ме, әлде өскен ортасында қала ма? Мұны да 30 маусымда көре аласыздар.

Эволюция (түпнұсқасы: «Evolution Man», орысшасы: «Эволюция») Франция, Италия, Бельгия, Қытай, 2015 

Режиссері: Жамель Деббуз 
Жанры: Анимациялы фильм 
Рөлдерде: Жамель Деббуз, Мелисса Тёрьо, Арие Эльмале, Патрис Тибо, Кристиан Эк, Диукунда Кома, Эдриан Антуан, Georgette Kala-Lobé, Натали Хомс, Юсеф Хаджди 

Алғашқы қауымдастық кезінде болған оқиғаларды көрсететін бұл фильм де 30 маусым күні Қазақстанның барлық кинотеатрында көрсетілетін болады. 2 миллион жыл бұрынғы оқиғалар Эдуард есімді адамның басынан өтеді.

Г. Берік