«Оскар» сыйлығының ең жас иегері

«Оскар» сыйлығының ең жас иегері
Фото: bigpicture.ru

Кино әлемінде де вундеркиндтер бар. Кейбір актерлер Ди Каприо секілді біршама жылдан, көп терден кейін ғана үлкен жүлде «Оскар» сыйлығын алып жатады. Ал біреуі 6 жасында-ақ атаулы жүлденің иегері атанып қойған. 1930 жылдары алты жасында «Оскар» сыйлығын алған қуыршақ қыз Ширли Темпл кішкентай кезінен өнерге жақын болып өскен. Ал есейгенде ше?

Ширлидің жетістігі – ата-анасының жетістігі. Ата-анасы оның кішкентайынан жұлдыз болуын қалаған екен.

Үш жасында Ширлиді анасы би мектебіне алып барған. Балаларға арналған музыкалық сериал үшін кішкентай әртіс іздеп жүрген голливудтық продюсерлердің назары осы Ширлиге түскен.

Қиын-қыстау мезгілде халық экраннан нұрға, шаттыққа толы жанарды іздеді және тапты, Ширли көшедегі ұрлық-қарлықтан, зорлық-зомбылықтан шаршаған көңілдерге медеу бола білген екен.

Ата-анасы Ширлидің имиджімен тоқтаусыз айналысқан, әсіресе анасы үнемі шашын бұйралап, оның сүйкімділігін арттыра түскен, нәтижесінде бұйра шашы Ширлидің визит картасына айналған.

Ширли «Кішкентай полковник» және «Саннибрук фермасындағы Ребекка» атты фильмдердің жұлдызына айналған.

1934 жылы Ширли Темпл «Оскар» кино сыйлығынын алып, тарихта ең жас иегер атанған. Уақыт өте Ширлидің келбетіне тамсанған суретшілер оның бейнесін ашықхаттарға, Жаңа жылдық сыйлықтарға бейнелеей бастаған. Себебі, оның жүзінен қуаныш есетін.

Бірақ мұндай бақ 12-ге толғанда қайта бастады, неге десеңіз, режиссерлер Ширлидің «Оз елінің сиқыршысы» фильміне Дороти рөлінде ойнауға келісім бермеген екен. Осы сәтсіздіктен кейін Ширли кино әлемінен шыға бастады. Себебі, балалық шақ мәңгілік емес. Ол да есейді. Бойжеткен шақта Ширлидің аты аталмай да кетті.

Ширли кино әлемінен саясатқа қадам басады. Осы салада жетістікке жетіп, Американың Ганадағы және Чехославакиядағы елшісі атанған.

Г. Берік