Адамзат тарихындағы ең қымбат фильмдер #2

Адамзат тарихындағы ең қымбат фильмдер #2
Фото: wallpapercave.com

Кино әлемі тәуекел алаңы секілді. Ұйымдастырушылар бар бюджетті фильмнің түсірілім алаңына тігіп қойып, көрсетілімнен кейінгі рейтингті қарап отырады. Баласы бәйгеге қатысқан анадай тақымын қысып, еңбегінің еш болмауын тілейді. Қорға жұмсаған ақшадан үш еселеп пайда тауып жатса, төккен тердің еш кетпегенін түсінеді. Төккен тер мен жұмсалған қаржы да рөл ойнары сөзсіз.

Жұмсалған қаржының көптігінен фильмнің салмағы көрінеді. Қымбатқа түскен "ауыр" фильмдердің келесі тізімінің соңғы шенін «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» фильмі ұстап тұр.

Басы

5. "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" (түпнұсқасы: "Avengers: Age of Ultron", орысша: "Мстители 2: Эра Альтрона")

Марвел компаниясының қорынан бұл фильм үшін 330 млн АҚШ доллары алынған. Салықты қоспағанда, ресми дерек бойынша 280 млн АҚШ доллары жұмсалған. Бұл ақшаның бәрі актерлерге төленген, яғни жалақы ретінде жұмсалған екен. Мысалы, кіші Роберт Дауни (Темір адам) 45 минут көрініс үшін 40 млн, Скарлетт Йоханссон (агент Наташа Романов) 33 минут үшін 20 млн, Крис Эванс (Капитан Америка) 50 минут үшін 7 млн, Джереми Реннер (Қаршыға көз) 20 минут үшін 6 млн, Крис Хемсворт (Тор) 14 минуттық көрінісі үшін 5,5 млн, Марк Руффало (Халк) 24 миунт үшін 3 млн доллар жалақы алған. Жалпы кино қорға 1,5 миллиард (1 405 413 868) АҚШ долларын жинаған.

4. "Кариб теңізінің қарақшылары: жердің түбі"  

«Кариб теңізінің қарақшылары: жердің түбі» (түпнұсқасы: "Pirates of the Caribbean: "Аt World's End", орысша: "Пираты Карибского моря на краю света") фильмі үшін 300 млн доллары жұмсалған. Ал прокаттан жиналған қаржы одан 3 есе артық: 963 млн доллар. Орландо Блум 12 млн, Кира Найтли 5 млн доллардан алса, ал басты рөлдегі Джонни Депптің жалақысы туралы сәл кейінірек. Фильм Багам аралында, Бермуд аралында, Лос-Анджелесте, Сингапурда түсірілген. Осыншама қаржының қайда кеткенін білген боларсыздар, әрине бір жерден екінші жерге қатынау үшін осындай қаржы жұмсалған. Ал фильм қорға 963 420 425 АҚШ долларын еншілеген.

3-1. "007: Спектр"

Бұл фильм үшін қордан 350 млн АҚШ доллары жұмсалған. Басты рөлді сомдаған Дэниел Крэйгтің жалақысы 24 млн АҚШ долларын құраған. Осыған дейінгі агент Бондтың рөлінде ойнаған актерлердің ішіндегі ең қымбат жалақыға ие болған да осы актер екен. Агенттің көлігін сатып алу үшін 37 млн доллар жұмсалған. Әлем мегаполистерінің жолдарын жабу, үлкен көлемде флешмоб ұйымдастыру және шерудегі киімдер, каскадерлер мен саундтректің жазылуы, әртістердің гонорары – бәрі-бәрі 350 млн долларға есептелген. Бірақ фильм өз-өзін ақтаған: қорға
880 674 175 АҚШ долларын жинаған.

3-2. "Жұлдыздар шайқасы: күштің оянуы"

"Жұлдыздар шайқасы: күштің оянуы" (түпнұсқасы: "Star Wars: The Force Awakens", орысша: "Звездные войны 7: Пробуждение силы") фильмі үшін 350 млн доллар жұмсалған. Исландия, Шотландия, Лондон, Абу-Даби және тағы басқа қалалардағы фильмнің түсірілімі 70 млн долларды құраған. Ғарыш кемесі 26 млн, құбыжықтардың және басқа да кейіпкерлердің киімдері 80 млн долларды құраған. Фильмді түсірушілер бұл бөлімнің алдыңғы бөлімдердегідей шынайы болғанын қалаған. Сол үшін киімдерді компьютерлік графиктермен жасамай, арнайы костюмдерді қолданған. 100 млн доллар әртістерге берілсе, фильмнің саундтрегі 22 млн долларды құраған. Бұл еңбек қорға 2 065 342 689 АҚШ долларымен қайтарылған.

2. "Кариб теңізінің қарақшылары: өзге жағалауда"

"Кариб теңізінің қарақшылары: өзге жағалауда" (түпнұсқасы: "Pirates of the Caribbean: On Stranger Tides", орысша: "Пираты Карибского моря: На странных берегах") фильмі үшін 378 млн АҚШ доллары жұмсалған. Сатылым үшін 105 млн жұмсалса, басты рөлдегі Джонни Деппке актерлік шеберлігі үшін 35 млн доллар жалақы берілген. Фильмнің 2017 жылы жарық көретін жалғасы үшін Джонни Деппке 95 млн доллар беріледі екен. Жұмсалған қаржы қорға 3 еселеп қайтты: 1 045 713 802 АҚШ долларын жинады.

2-2. "Нарний хроникасы: Каспиан ханзада"

Дисней "Нарний хроникасы: Каспиан ханзада" (түпнұсқасы: "Chronicles of Narnia: Prince Caspian", орысша: "Хроники НарнииПринц Каспиан") атты қиял-ғажайыпқа толы фильмнің спецэффектісі үшін 225 млн доллар жұмсаған. Ал жарнама үшін 175 млн доллар берген. Сонымен фильм үшін бас-аяғы 400 млн АҚШ доллары жұмсалған. Фильм сәтсіздікке ұшырап, қорға бар болғаны 419 млн доллар жиналған.

1. "Бэтмен Суперменге қарсы"

Бұл фильм ресми ақпарат бойынша 250 млн долларға түсірілген. Алайда ақпаратта маркетинг үшін жұмсалған қаржыны есептемеген. Сөйтіп жарнамаға 165 млн доллар жұмсалған. Сонымен, сіз бұл киноны көріп пе едіңіз? Ендеше сіз құны 415 000 000 доллар тұратын фильмді көрдіңіз. Бэтмен рөліндегі Бен Аффлек 85 млн жалақы алса, Супермен – Генри Кавилл 14 млн доллар алған. Ал Ғажайып әйелдің рөлін сомдаған израильдік ару Галь Гадотқа 3 мың АҚШ долларын ұстатқан. Дегенмен бұл рөл Галь үшін үлкен мүмкіндік бермек, яғни ол Ғажайып әйел рөлін жеке образда ойнайтын болады. Фильмнің жарық көргеніне әлі 2 ай болмады, сонда да 833 880 395 доллар жинап үлгерген. Бұл фильм әлі теледидар әлеміне жол тартпады. Егер қалың жұртқа көгілдір экранмен таралатын болса, бұл соманың шарықтары сөзсіз.

Марвел "Кек алушылар" фильмінің "Шексіздік шайқасы" атты жалғасын жарияламақ. Продюсерлердің айтуынша бұл фильм үшін 1 млрд АҚШ доллары жұмсалады екен. Бұл болжамның дұрыс-бұрысын екі жылдан кейін білетін боламыз.

Г. Берік