«Джунгли кітабы» фильмінің балалар үйі тәрбиеленушілеріне арналған көрсетілімі

«Джунгли кітабы» фильмінің балалар үйі тәрбиеленушілеріне арналған көрсетілімі
Фото: Нұрлан Биімбет

Осы жылдың 27 сәуірі күні «MARWIN» және Иллюзион Атриум компанияларының қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы қазақ тіліне дубляждалған «Джунгли кітабы» фильмінің Алматы қаласы белсенді жастары мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған көрсетілімін ұйымдастырды.

Редьярд Киплинг «Джунгли кітабының» кейіпкерлері алғаш рет қазақша сөйледі. Пикалық, шытырман оқиғаға толы «Джунгли кітабы» фильмі – жабайы тропикалық ормандағы қасқырлар үйірінің ортасында өскен кішкентай баланың өмірі туралы. Қасқырлар үйірінің серкесі Акела, аю Балу, пантера Багира — осылардың әрқайсысы кішкентай Мауглиге қамқоршы, оны джунглидің қатал заңына тәрбиеледі, аңдардың, құстардың, жыланның тілдерін үйретті. Режиссер Джон Фавроның «Джунгли кітабы» — жаңа көрсетілімі қазақшаға аударылған 14-ші фильм. Дубляждың режиссері Айжан Жамшитова бұрындары «Күлбике», «Малефисента», «Көліктер 2» және басқа да жобаларды дубляждауға қатысқан.

Кинокартинаны дубляждауға 14-тен астам қазақстандық актерлер қатысты. «Джунгли кітабының» басты кейіпкерлерін Бекболат Құрманғожаев (Багира), Ислам Зейноллаев (Шер-Хан), Айнұр Бермұхамбетова (Каа), Ақарыс Әшімхан (Маугли) дубляждады. Атап өтерлік жайт, театр актерлері Нұрлан Өтеулов (Икки) мен Айнұр Бермұхамбетова (Каа) – Ақарыстың ата-анасы.

Фильмдегі ең кішкентай актер 10 жастағы Ақарыс Мауглиді дубляждады және өзін басты кейіпкерге ұқсатады.

Жобаны ұйымдастырушылар: «Болашақ» ҚауымдастығыАлматы қаласы әкімшілігінің және «Меломан» компаниясының қолдауымен.

Жобаның демеушілері: «Bank RBK» АҚ, «Exclusive Strоy» ЖШС.

Көрсетілімге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы Технологиялық университеті, Алматы қаласындағы әлеуметтік мекемелердің түлектерін қолдау және бейімдеу «Жастар үйі» орталығы және т.б. алматылық жоғарғы оқу орындарының 100-ден аса студенттері қатысты.

Голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жобасын ең алғаш ұсынған Алматы қаласының әкімі, «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің құрметті мүшесі Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы болды. Жобаның мақсаты – мемлекеттік тілді дамыту, «Мәңгілік ел» бағдарламасын жүзеге асыру жолында еліміздің танымалдылығына ықпал ету. Бүгінде қазақ тілі DVD және Blu-Ray форматтарында көрсететін голливудтық кинолардың негізгі тіліне айналды.

@. @assel_assanova