"Сумеркидің" жұлдызы Паттинсон жаңа рөлге ие болды

"Сумеркидің" жұлдызы Паттинсон жаңа рөлге ие болды

26 жастағы британдық киноактер, «Сумерки» кинофильмінің жұлдызы Роберт Паттинсон жаңа рөлге ие болды. Ол атақты неміс режиссері, әрі сценарийсі  Варнер Харцогтың  «Шөл ханымы» атты өмірбаяндық драмасында Лоуренс Аравийскийді сомдамақ, деп хабарладайды The Variety.

Оның түсірілім алаңындағы серіктесі американдық актриса Наоми Уотс. Ол атақты британдық жазушы және зерттеуші Гертруд Беллдің рөліне ие болған.

Гертруд Белл - Лоуренс Аравийскийдің жақын көретін жазушысы. Ол Шығыс әлемінде ерекше таным иесі саналған әйел. Гертруд да Лауренс секілді XX ғасыр басында орын алған революциялық оқиғаларға белсене ат салысқан. Өз уақытында Гертруда нағыз қайратты, тәуелсіз әйел болған.

Питер О'Тул 1962 жылы жарықа шыққан «Лоуренс Аравийский» фильмінде осы рөлді  сомдағаны үшін «Оскар» жүлдесін иеленіп, өз карьерасына нүкте қойған болатын.

«Шөл ханымы» фильмі Вернер Херцогтың алғашқы туындысы емес. Ол өзінің  Антарктида туралы «Әлемнің шегінде кездесу» атты киносы үшін 2009 жылы ғана «Оскарды» жеңіп алған.

Ал фильмге түсетін басқа актерлер Диана ханшайым туралы өмірбаяндық фильмге түсіп жүргендіктен, әзірге бос емес. Тіпті нақты белгілі де емес. Басқа басылымдардың айтуынша, түсірілім осы күзде басталып, түсірілім тобы Иордания мен Ұлыбританияда жұмыс жасамақ.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: filmpro.ru, libcinema.ru