2016 жылғы "Оскар" сыйлығының жеңімпаздары

2016 жылғы "Оскар" сыйлығының жеңімпаздары
Фото: Mario Anzuoni

АҚШ киноадекемиясы "Оскар" сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. "Ең үздік түпнұсқа сценарий" аталымын "В центре внимания" фильмі жеңіп алды.

Оскардың "Үздік адаптацияланған сценарий" аталымын "Игра на понижение" фильмі жеңіп алды.

"Үздік оператор" атағына Эммануэль Любецки лайық деп танылды. Ол осыған дейінгі "Гравитация" жəне "Бердмэн", енді "Выживший" фильмімен үшінші рет қатарынан алып отыр.

Екінші пландағы үздік актриса − Алисия Викандер ("Девушка из Дании").

"Үздік монтаж", "Үздік грим жəне шаш үлгісі", "Үздік костюм дизайны", "Үздік қоюшы-суретші", "Үздік дыбыс қою", "Үздік дыбыс режиссурасы" номинациясында "Безумный Макс: Дорога ярости" жеңіп алды.

"Үздік визуалды эффект" номинациясын "Из машины" фильмі жеңіп алды.

Pixar студиясының "Головоломка" толықметраж мультфильмі мен Чили мультипликаторларының "Медвежья история" қысқаметраж мультфильмі "Оскар" жүлдесін алды.

"Шпионский мост" фильмінде ойнаған Марк Райлэнс екінші пландағы үздік ер адам рөлі үшін "Оскар" жүлдесіне ие болды.

"Үздік деректі толықметраж фильм" аталымында "Оскар" сыйлығын әнші Эми Уайнхаус жайлы картина "Эми" картинасы алды. Сонымен қатар "Үздік қысқаметраж деректі фильм" аталымында "Девушка в реке: цена прощения" картинасы жеңді.

Үздік қысқаметраж фильмін ирландиялық "Заика" фильмі алды.

"Үздік шетелдік фильм" аталымына "Сын Саула" фильмі лайықты деп талыды. "Оскар" жүлдесін "Үздік саундтрек" аталымында Эннио Морриконе жеңіп алды.


Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін