"Жаужүрек мың бала" фильмі "Оскарға" ұсынылмақ

"Жаужүрек мың бала" фильмі "Оскарға" ұсынылмақ

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың бала" драмасы америкалық "Оскар" премиясына ұсынылатын болады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

Бұл туралы "Қазақфильм" AҚ президенті Айманов Ермек Аманшаев: "Қазір "Алтын глобус" арқылы "Жаужүрек мың бала" фильміне "Оскарға" жол ашуға тырысып жатырмыз", - деп сұхбат берді. Аманшаев сонымен қатар Оскар салтанатының алдында Америкалық продюсердер гильдиясымен қосылып АҚШ-та қазақстандық кино апталығын ұйымдастыруды жоспарлап отырғандарын айтты. Айта кетелік, "Алтын глобустың" өкілдері Алматыға VIII "Еуразия" фестиваліне қатысуға келмек болып отыр. Фестиваль үстіміздегі жылдағы қыркүйек айының 17-22 аралығында өтеді.

"Жаужүрек мың бала" картинасы жалпыұлттық прокатқа 2012 жылдың 3 маусымында шыққан болатын. Фильм алғашқы екі демалыста екі миллион доллар шамасында қаржы жинағандығын да естеріңізге сала кетелік. Фильм сонымен қатар, 17 маусым күні Францияда өткен Канн кинонарығында да көрсетілген болатын. Картинаның әлемге прокаттау құқығын канадалық "108 Media" компаниясының сатып алды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Владимир Дмитриев©