Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Шал" - повесть желісімен түсірілген фильм

"Шал" - повесть желісімен түсірілген фильм

Көзі қарақты көрермендердің пікірлерін жан-жақты қақ жарған аты шулы «Келін» киносының авторы Ермек Тұрсынов наурыз айында жаңа туындысы «Шал» фильмінің жабық көрсетілімін өткізді. Фильм халықаралық кино фестивальдерде көрсетілген соң, көгілдір экраннан ресми түрде таныстырылым өтеді деп жоспарлануда.

Ермек Тұрсынов «Шал» фильмін атақты жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісі бойынша түсірді. Тікелей шығарманы қайталау емес. Тек айтар ойы мен идеясын фильмде көрсетФильмді жасау идеясы Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевқа тиесілі.

Картинада санаулы ғана кейіпкер бар. Басты кейіпкер ауыл қарты, оның келіні және немересі. Жалғыз ұлы өмірден озған соң, Қасым қарт артқа қалған тұяғы немересі Ералыны интернатқа оқуға береді. Ералы болса, атасының бұл қылығына наразылық танытып, оған кетік мінездерін көрсетеді. Үш адамнан құралған отбасы жапан далада қарапайым ғұмыр кешеді. Қарабайыр тіршілікті қаладан аңшылыққа шығу мақсатымен келген үш жолаушы бұзады. Жігіттер шалмен тілдесіп, қасқыр атуды жоспарлағандарын айтып, жол сілтеп жіберуін сұрайды. Алайда, қария қасқырлардың бөлтіріктеп жатқандығын ескертіп, аңға шықпағаны дұрыс боларын айтады. Қаладан келген жігіттер ақсақал сөзін елемей, аң аулауға кетеді. Ертесі күні Қасым қарт өз қойы мен көрші қойын қыстауға айдап кетеді. Боран астында қалып, ол адасып кетеді. Осы кезде қасқырлар алдынан шығып, қойға шабады. Қарт қойларды сақтау үшін әлекке түседі. Өзі қиналып жүргенде жол сұраған жігіттердің өлі денелерін кездестіреді. Арасындағы бірі аман қалғанмен, халі мүшкіл болады. Қарт аман қалған жігіт пен өз өмірін сақтауға, қиындықтарға төтеп беруге ұмтылады. Осы кезде жоғалып кеткен қартты бір топ адам іздеуге шығады. Араларында бала Ералы да болады. Іздеу жұмыстары нәтижесіз болып, қартты «өлі мен табылмайды» қатарына жатқызған іздеуші топ кері қайтқанда, бала Ералы атасының тірі екеніне шүбә келтірместен, оны іздеп табады. Қазақ даласында түсірілген фильмде адам баласының қайраттылығы мен өжеттілігі, жігері мен табандылығы көрсетіледі.


Фильм жайлы қызықты мәліметтер:

  • Әу баста фильмнің бас кейіпкері Қасым қартты рөлін сомдауға марқұм Қасым Жәкібаев шақырылған. Алайда, актер сырқаттанып, кейін дүниеден озды. Ермек Тұрсынов дара тұлғаның рухына тағзым жасап, кейіпкер есімін Қасым деп өзгерткен.
  • Фильмге түсіру үшін еліміздегі қолға үйретілген көкжалдардың саны аз болғандықтан, біразы Ресейдің Брянск қаласынан әкелінген. Оларды ұшақ пен пойыз арқылы тасымалдауға рұқсат болмағандықтан, оларды Алматы облысына көлікпен жеткізген.
  • Түсірілім кезінде тұманды қолдан жасауға тура келген. Кейбір эпизодтарға қарапайым түтін пайдаланған.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: kino.kz

2117 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 03 тамыз 2012, 11:52
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет
Ақыл деген қасиет

Менімен жастылар болашақ мамандыққа юристті таңдайды. Өйткені бұл мамандық...

Cізге тән мамандық қандай?
Cізге тән мамандық қандай?

психологиялық тест арқылы өзіңізге тән мамандықты анықтап алыңыз...

Өмір кезеңдері
Өмір кезеңдері

Өткінші өмір...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...