"Жұлдыздар соғысы" фильміндегі кеме аукционда рекордты сомаға сатылды

"Жұлдыздар соғысы" фильміндегі кеме аукционда рекордты сомаға сатылды
Фото: tengrinews

"Жұлдыздар соғысы" фильміндегі ғарыш кемесінің моделі аукционда рекордты 450 мың долларға сатылды, - деп жазады "Газета.Ru". Бұл сома бағаланған мөлшерден бір жарым есеге асып түсті.

Бұл кемені көрермендер киноэпопеяның "Эпизод IV: Жаңа үміт" атты бірінші фильмінде көрген болатын, ол 1977 жылы экранға шықты. Модель фильм түсірілімінде қолданылған. Ханшайым Лея мен C-3PO және R2-D2 роботтары отырған кеме бастапқы титрдан кейін бірден пайда болды. Бұл — көрермендер көрген тұңғыш ғарыш кемесі.

Айта кетейік, аукционға сондай-ақ, ханшайым Леяның металл бикиниі қойылды, оны актриса Кэрри Фишер 1983 жылы алтыншы "Джедайдың оралуы" эпизодында киген болатын. Джаббе Хатуға құлдыққа түскен ханшайымның ашық-шашық киімі аукционда 96 мың долларға сатылды.

Дереккөз:kaz.tengrinews

С. Ерсін