Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Ақан Сатаев Ұлы Жеңіс туралы кино түсірмек

Ақан Сатаев Ұлы Жеңіс туралы кино түсірмек

Ақан Сатаев Ұлы Жеңіс туралы кино түсірмек

Қазақ кино тарихында ерекше орын алған әлі сиясы кебе қоймаған «Жаужүрек Мың бала» фильмінің режиссері Ақан Сатаев қалың көпшілікпен алға қойған басты мақсатымен бөлісті. Режиссер Ұлы Отан соғысы тақырыбында фильм түсіруді жоспарлауда.

«Рэкетир», «Ағайынды», «Ликвидатор», «Адасқан» фильмдерін өмірге әкелген режиссер әлі күнге дейін ақиқаты айтылмай келе жатқан жұртшылық басынан өткен қайғы-қасіретке толы жылдар туралы сөз қозғамақшы. Кино арқылы ол ерін алып, жесір мен жетім қылған, әр үйдің боздағынан айырып, талайды зар жылатқан Екінші дүниежүзілік соғыс шындығын аша отырып, сұм соғыстағы қазақ халқының қайсарлығы мен ерен ерлігін ұрпаққа үлгі ету, қазақстандықтардың жеңіске қосқан сүбелі үлесі туралы кеңінен айтып, ерлердің есімдерін ұлықтауды көздеп отыр.

«Алдағы күндері Ұлы Отан соғысы туралы кино түсіруді ойластырып жүрміз. Қазіргі таңда осы мәселе төңірегінде жұмыс істеп жатырмыз. Менің ойымша, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы жеңісіне қосқан үлесі зор. Біз оны ұмыт қалдырмай, бағалай білуіміз керек. Қаншама адам майданға аттанды. Санаулы ғанасы елге оралды, қанша­сы мүгедектік қамытын киді, қаншамасы хабарсыз кетіп, қара жамылды. Ал соғыстан аман-есен елге оралған ардагер қарттарымыздың саны бүгінде саусақпен санарлықтай ғана. Фильм арқылы жас ұрпақ өздерін қажетті ақпаратты алады. Себебі, оларда Ұлы Отан соғысы туралы бұлыңғыр түсініктер қалыптасқан. Жеңістің бізге қандай қиындықпен келгенін, кімнің қаһарман болғанын біле бермейді», – деді мәңгілік тақырыпты кезекті жұмысына арқау еткен Ақан Сатаев.

Сондай-ақ, жиырма миллионнан астам боздақтың ғұмырын қиған сұрапыл соғыстағы қазақ жұртшылығының жігерлігі мен ерен еңбегін көрсетуді жоспарлаған Ақан Сатаев Ұлы Жеңісті ешуақытта жадымыздан шығармау керектігін айтты.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Сурет: bnews.kz

821 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 26 шілде 2012, 10:56
Пікірлер
+0
26 шілде 2012, 11:29

сәттілік! Ақан ағамыздың сәтті кино жасап шығатынына сенемін ;)

+0
26 шілде 2012, 11:32

95-ке келген апам бар. Соғыс туралы небір дүниені айтып береді. Көзбен көріп, қолмен ұстаған жан. Сол кісіні түсіріңіз

+0
26 шілде 2012, 11:47

Бәрекелді

+0
26 шілде 2012, 11:54

жақсы бастама екен

+0
26 шілде 2012, 17:55

Жарайсың, Сатаев!

+0
28 шілде 2012, 19:30

маған ұнап тұр

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол
ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...