Шрек – күрестен әлем чемпионы

Шрек – күрестен әлем чемпионы
Фото: dailyhumor.ru

Баршамызға танымал, көпшілігіміздің сүйікті мультфильміміздің бас кейіпкері Шректің прототипі – Морис Тийе. Ол инженер оқуын оқыған, он төрт тіл білген, күрестен әлем чемпионы атағын алып, ерекше дарынымен көзге түскен.

Ол Уралда француз этникалық отбасында дүниеге келген. Әкесі темір жол инженері, анасы мұғалім. Бала кезінде өте сүйкімді, қуыршақтай келбетті болған, оны тіпті сыныптастары періште деп атаған. 17 жасқа жеткенде кенеттен қол-аяғы, басы ісіне бастайды. Дәрігерлер жас жігіттің бойында акромегалия белгісі бар екенін анықтайды. Ол – ағза өсуі кезінде гипофиз жұмысының бұзылуынан пайда болатын ауру.

Морис Францияда әскери-теңізде борышын өтеді, одан соң инженер қызметіне орналасты. 34 жасында кәсіби балуан Карл Пожелломен танысып, 3 жыл жаттығудан соң әлем чемпионы атағын иемденді. Морис рингке шыққан алғашқы жылдары, көптеген ана бұзықтық жасаған балаларын қорқыту үшін оны көрсетуге алып барады екен.

Тийе он тоғыз ай қатарынан бүкіл әлемді шарлап, боз кілемнің жығылмас балуанына айналды. Оған «Людоед Арен» және «Француз періштесі» деген лақап аттар қойылды. Бүкіл елге танылған оған еліктеушілер көбейе түсті – «Орыс періштесі», «Швед періштесі», т.б. оның ізін қуушы періштелер саны оннан асты.

Біз Шректі мультфильм кейіпкері деп қана танысақ, оны әлем елдері күрескер балуан ретінде есте қалдырған.

@. @assel_assanova