Леонардо Ди Каприо түскен жаңа фильмнің алғашқы трейлері шықты

20th Century Fox студиясы "Бердмэн" режиссері әрі "Оскар"-2015 жүлдегері Алехандро Гонсалес Иньярриту түсірген "Тірі қалған" ("Выживший") вестернінің бірінші трейлері шықты. Картинада басты рольде Леонардо Ди Каприо ойнайды, - деп хабарлады Tengrinwes.kz порталы Variety басылымына сілтеме жасап.

Фильм америкалық тауға өрмелеуші әрі тұңғыш жол салушы Хью Гласстың өмірбаянын көрсетеді, Ресми синопсис бойынша, саяхаттаушы Гласстың басынан өткен өте қатерлі оқиғасы мен адамның адам сенбес күшті рухы жайлы. 

Фильм трейлерінде Ди Каприо сомдаған Гласс өзінің қарсыласы әрі бұрынғы досы Джон Фицджеральдқа қарсы болады (бұл рольде Том Харди ойнайды). Сонымен бірге, роликте кейіпкердің қара аюмен арпалысатын сәті бар. 

Сценариін де Иньярриту жазған лентада Домнал Глисон және Уилл Пултер ойнайды. "Тірі қалған" фильмінің таныстырылымы 2015 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Әзірше фильмнің қазақстандық прокатқа қашан шығатыны белгісіз.