«Қазақия» мультсериалы: Спанч Бобқа Асық пен Қамшы қарсы

«Қазақия» мультсериалы: Спанч Бобқа Асық пен Қамшы қарсы

Жақында шымкенттік аниматорлар "Қазақия" атты мультсериал әзірлеп шығарды. Көрерменге жол тартқан жаңа туынды ұзақ уақыт бойы авторлардың ойында жүрсе керек-ті. Себебі, аталған мультсериалда Спанч Боб пен Патрикке енді Асық пен Қамшы қарсы тұрмақ! 

Ұлттық мақал-мәтелдерге негізделіп түсірілген алғашқы анимациялық мультсериалдың басты кейіпкерлері Қамшы қыз бен Асық атты жігіт. Мультикте екеуі бірлесе жүріп түрлі қиындықтарды бастан өткеріп, салт-дәстүрлердің арқасында еңсеріп кетеді. Және тұрмыстағы нақыл сөздердің мағынасын ашу жолында авторлар түрлі оқиғаларды ұйымдастырып баққан. 

Бір айта кетерлігі, сыншылар тарапынан мультсериалға жақсы баға берілді. Тек Асықтың шет елдік Спанч Бобқа ұқсап кеткендігі болмаса, былайынан алғанда балаларға берері мол, тәлімі зор дүние деп санап отыр. Енді тек қаражат жағы түпкілікті шешілсе болды. Себебі, шымкенттік мультипликаторлар қаражат жағынын аздығынан "Қазақияның" төрт бөлімін ғана түсіре алған. Мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінсе деген өтініштерін де жасырмапты. 

«Қазақия» мультсериалының режиссері Нұриддин Пәттеевтің сөзіне сенсек, оқиғаның ендігі өрбитін жері Сырдария облысындағы Асқабақ ауылы. Бір қызығы, әлгі ауылда барлылқ үйлер асқабақтан салынады екен. Және барлық оқиға Сырдарияның бойында өтеді деп жоспарлап отыр. 

Сурет:aktau-site.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига