Кинодағы "жұлдыз" жануарлар

Кинодағы "жұлдыз" жануарлар

Құрметті оқырмандар, бүгін біз сіздерге кино саласына аты танымал жануарлар жайлы сөз қозғамақпыз. Олар өзге де өнер адамдарынан қалыспай, бейнекамераны жатсынбай "жұлдыз" атанды. Олар басқа да хайуандар секілді өмірге келгендегі мақсатын ғана орындап қойған жоқ, кино саласына айтарлықтай үлес қосты. Әлемдік кинода аты шулы киножануарлар жайлы білгіңіз келсе, төменге назар салыңыз!

Бард аю – «Аю», «Күз аңызы» сынды киноларда басты рөлді сомдаған аю

Джуди – «Daktari» телесериалында ойнаған шимпанзе

Мухтар – «Мухтардың оралуы-2» кинофильмінде басты рөлді ойнаған неміс иті

Кейко – «Вилланы босатыңдар» кинофильміндегі дельфин тұқымдас косатка

Кинг – «Итальяндықтардың Ресейдегі таңғажайып оқиғалары» кинофильміндегі арыстан

Кларенс – «Daktari» телесериалында ойнаған арыстан

Котон – «К 9» кинофильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған неміс иті

Оранджи –  «Рубарб» және басқа да киноларда ойнаған жирен мысық

Ранго – отыздан аса кинофильмдердің көркін ашқан ұрғашы піл

Рин Тин Тин – 1920 – 1930 жылдар арасында кинофильмдердің «жұлдызына» айналып, 19 фильмге түскен неміс иті

Триммер – «Төрт танк жүргізіушісі және ит» атты польяк телефильмінің кейіпкері болған неміс иті

Санто фон Хаус Цигельмайер – «Комисар Рекс» сериалындағы Рекс

Винтер – «Дельфиннің тарихы» кинофильміндегі дельфин

Пэл Лессиді сомдаған ит

Бетховен – «Бетховен» кинофильмінің басты рөлінде ойнайтын ит

Марли – «Марли және мен» кинофильмінің басты рөлінде ойнайтын ит

Гизмо – Гарри Поттердің жақын досы болған ақ түсті үкі

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: allcinema.ya1.ru,moviedvd.info, segodnya.ua, spynet.ru, nnm.ru, afisha.ru, nmtil.com, history-life.ru, proza.ru, ru.komissarrex.wikia.com, spletnik.ru

А. Әбілхан