"Астрал 3" фильмі көрерменге жол тартты

"Астрал 3" фильмі көрерменге жол тартты
Фото: vk.com

Біздің әлеммен қатар басқа да екі әлем бар деп елестетіңіз. Ол әлемдерде өлген адамдар мен өмірге келуге тыйым салынған адамдар бар. Екі әлем арасында әрдайым келіспеушілік туады. Басқа әлемнің жындары біздің әлемге келуді аңсайды. Кейбір елестер өлімнен мән табуға үміттенсе, кейбіреулері жақындарымен жоғалған байланысты орнатқысы келеді. Алайда көбі өздерінің ашуын, көрелмаушылығын, ренішін тірі адамдарға кез келген жолмен көрсетуді ойлайды...

Бұл - "Астрал 3" фильмінің сипаттамасы. Фильмге режиссер Ли Уоннелл жетекшілік етті. Актерлік құрамға Дермот Малруни, Лин Шэй, Стефани Скотт кіреді. Фильм триллер жанрында түсірілген. 

Әрбір адам бір нәрседен қорқады. Елестер туралы қай әңгімені алсақ та, өліммен және жоғалтумен байланысты болып келеді. Бұл тақырып әрбір көрерменге таныс десек те болады. Жаңа "Астрал 3" фильмінің алдыңғы екі бөлімінен айырмашылығы - астрал енді жаңа отбасы мүшелерімен байланысты. Жаңа отбасы туралы және олардың басына қандай жағдай түсетіні әзірше белгісіз. Фильмнің тағы бір ерекшелігі - жасөспірімнің өтпелі кезеңдегі жағдайын, уайымын және мақсатын шынайы көрсетуінде. Анасынан айырылған жасөспірім қыздың онымен байланыс орнатқысы келіп, қандай оқиғаға тап болатындығын 4 маусымнан бастап еліміздің кинотеатрларынан көре аласыз.

А. Жапатова