Титаник фильмі жайлы қызықты деректер

Титаник фильмі жайлы қызықты деректер
Фото: www.theplace.ru

Кино тарихындағы ең табысты фильмдердің бірі «Титаник» 1997 жылы көрермендерге жол тартқан болатын. Ол көп табыс табудан рекорд жасап, мәртебесін 12 жыл бойы сақтап тұрды. Ендеше тарихи негізге бағытталып экрандалған фильм туралы қызықты мәліметтермен таныс болыңыздар.

* Фильмдер тарихында миллиард доллардан көп табыс тапқан «Титаник» кино өндірісі саласында әлемдік рекорд орнатқан.

* «Титаник» кемесі туралы фильмді түсіру үшін 1912 жылы құрылған лайнерді жасауға кеткен қаржыдан да көп ақша жұмсалған.

* Жаңа фильм дайын болған кезде оның бар болғаны 1 минутының құны шамамен 1 млн АҚШ долларына тең болған.

* Кэмерон өзінің не жайлы фильм түсіріп жатқанына көз жеткізу үшін жеке өзі мұхит астына 12 рет сүңгіп, апатқа ұшыраған лайнерді зерттеген.

* «Титаниктің» соңғы көрінісі фильмдегідей суықта болмаған. Ол бассейнде түсріліп, адамдардың бет-бейнесі, шашы, бәрі де компьютердің көмегімен жасалған.

* Көгілдір экрандағы Джек пен Роуз бүкіл әлемдегі нағыз махаббаттың үлгісі ретінде мойындалғанымен, фильм барысында Роуз «Мен сені сүйемін» деген сөзді бір-ақ рет айтса, ал Джек мүлде айтпаған. 

Ж. Өрісбай