Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Ойыннан от шықты

Ойыннан от шықты

Ойыннан от шықты

Түсірілім алаңында өрт болған. Тілсіз жау Будапеште 5 шілде күні «Қатты жаңғақ 5» фильмінің түсірілім алаңында пайда болған. Өрт салдарынан бес қабатты үй отқа оранған.

Қақтығыс дәл түсірілім кезінде Брюс Уиллистің дублерінің қатысуымен орнаған. Үй арнайы сценарий желісі бойынша ағаштан соғылған көрінеді. Ал от тікұшақ жерге қонатын кезде лап етіп жана бастауы керек екен. Тікұшақ жерге қона бастағанда каскадер кадрда жұмыс жасап жатқан. Тікұшақтың роторы абайсызда отты үрлеп жіберіп, өрт бақылаудан шығып қалған. Лапылдаған жалын бір сәтте бүкіл ғимаратты шарпып шыққан. Бақытына орай, апат орнында Уиллистің дублерын аздап күйік шалғаны болмаса, ауыз толтырып айтарлықтай қатерлі жарақат алмапты. Оның орнында Брюс Уиллистің өзі болуы да әбден мүмкін еді.

Ол дәл сол күні демалыста болып, оның орнына көмекшісі кадрға түспек болған. Өрт болып жатқанда Брюс алып-ұшып келіп, қатер алдында тұрған түсірілім заттарын алып шығуға көмектескен. Оқиға болған жерге тез арада жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндірушілер келіп, ғимараттың қалған бөліктерін оттан арашалап алған. Өрттің салдарынан түсірілім тоқтап қалмайды. Тек декорацияларды қайта орнына келтіру үшін екі ай көлемінде уақыт кетпек.

Алаумен алысып жүріп түсірілген бұл дүние көрермен назарына АҚШ-та 2013 жылы 14 ақпан күні жол тартады деп жоспарланып отыр.


Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: aideon.deviantart.com, kino-teatr.ru, 1tvnet.ru, kinoportala.net

1865 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 11 шілде 2012, 12:21
Пікірлер
+0
11 шілде 2012, 15:24

Брюс, бағың бар екен )

+0
11 шілде 2012, 16:19

"Қатты жаңғақ" - массагет, "Шағылмайтын жаңғақ" - Мәдениет телеарнасы. Тағы қандай нұсқаларың бар? :lol: :lol: :lol:

+0
11 шілде 2012, 16:37

қатты жаңғақ? кім аударды мынаны?! мен түбегейлі қарсымын.

+0
11 шілде 2012, 16:39

Толығымен өртеніп кетпегеніне шүкір

+0
12 шілде 2012, 19:42

"Қиын түйін" деп атасақ қалай болады екен?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...