"Болашақ" (Tomorrowland) фильміне қатысты қызықты деректер

"Болашақ" (Tomorrowland) фильміне қатысты қызықты деректер
Фото: kinopoisk.ru

Бүгін еліміздегі кинотеатрларда "Болашақ" (Tomorrowland) фильмі көрсетіле бастады. Фильм әлемді құтқаруға бел буған қыздың басынан кешкендерін баяндайды. Картина режиссері – Брэд Бёрд. Басты рөлдерді Джордж КлуниБритт РобертсонХью ЛориРэффи Кэссиди секілді актерлар сомдаған.

Бүгін сіздерге фильмге қатысты қызықты деректерді ұсынып отырмыз.

– Фильмді Еуропада прокатқа шығару үшін авторлар оның атын өзгертуге мәжбүр болған. Себебі, мұнда Tomorrowland атты электрондық музыка фестивалі бар болып шықты. Сөйтіп, фильм Еуропада «Disney Project T» болып өзгерді.  

h

– Кейбір кадрлар NASA-ның Флоридадағы ғарыш айлағында түсірілген.

f

– Режиссер өмірден түңілген өнертапқыштың рөлін сомдауға бірден Джордж Клуниді шақырған.

f

– Авторлар алдымен компьютермен жаңа қала салып шыққан. Сөйтіп жүргенде фильмнің продюсері Том К. Пейтцман режиссерге Валенсиядағы "Ғылым мен Өнер қаласын" көрсетеді. Кейін фильмнің кейбір сценалары осы жерде түсірілетін болып шешіледі.

g

– Жаңа қаладағы монорельстер мен вагондарды кинематографтар өздері жасап шыққан екен. 

– Фильмдегі сирек кездесетін заттарды сататын дүкен Disney студиясында салынған.

– Фильм авторлары канадалық фермерлерге ақша төлеп, ашық далада бидай еккізген екен. Бұл жер Уокердің фермасын және басқа да кадрларды түсіруде қолданылыпты.

п

– Авторлар фильмді түсіру үшін 10 рет көшіп-қонған екен.

– Фильм режиссері дәл осы "Болашақ" фильмін түсіру үшін "Ғарыштағы соғыс: Қуат" (Star Wars: The Force Awakens) фильміне режиссер болудан бас тартқан.

Ұқсас жазбалар: 

"Елес қуған сайыпқырандар" фильмі туралы ой

"Титаник" фильмі туралы қызықты деректер

М. Бисембаева