Том Круз бен Кэти Холмс ажырасты

Том Круз бен Кэти Холмс ажырасты

Том Круз бен Кэти Холмстың арасындағы қарым-қатынасқа нүкте қойылды. BBC News-тің хабарлауынша, Голливудтың актері мен жұбайы ажырасу парағына қол қойыпты. 

Адвокат Холмс Джонатан Вулфтың сөзіне сенсек, бәрі тәртіпке келтіріліп, заң жүзінде шешіліпті. Бұл турасында People журналына берген сұхбатында айта кетсек керек. 

Ал Том Круздың баспасөз-хатшысы болса электрондық почта арқылы ажырасуға қол қойылғанын растап отыр. 

Дүйсенбі күні екі жұп ортақ арызға қол қойған. Онда алты жастағы қыздары Суриге қамқорлық ету төңірегіндегі сұраққа алдағы күнде бірге жауап беретін көрінеді. 

Естеріңізге салсақ, Том Круз бен Кэти Холмс 2006 жылы 18 қарашада үйленген болатын. 

Және ажырасуға ең бірінші тілек білдірген Кэти болып шықты. Сериалдар арқылы елге танылған 33 жастағы Кэти қаншама рет ерінің көрсеткен қылығына көніп келіпті. Ақыры ажырасып кеткенді дұрыс шешім деп тапса керек. 

Сурет:yaboma.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига