"Жаңа өрмекші-адам" АҚШ-тағы кинопрокатта топ жарды

"Жаңа өрмекші-адам" АҚШ-тағы кинопрокатта топ жарды

Marvel Comics баспасының комикстерінің негізінде түсірілген "Жаңа өрмекші-адам" фильмі АҚШ-тағы кинопрокатта топ жарды. Бұл туралы Boxoffice хабарлады. 

Бюджеті 215 миллион долларлық фильм демалыстарда 65 миллион доллар жинады. Рейтингтің екінші орнында "Ted" комедиясы тұр. Басты рөлдерді Марк Уолберг  пен Мила Кунис сомдаған фильм прокатшыларға 32,5 миллион доллар әкеліпті.

"Жаңа өрмекші-адам" фильмінің трейлері

"Батыл жүрек" анимациялық фильмі тізімнің үшінші сатысынан көрінді. Мультфильм соңғы уик-эндте 20,1 миллион доллар қаржы тапқан екен. Түсірілуіне 185 миллион доллар жұмсалған анимацияның жалпы жиған қаржысы 174,5 миллион доллар шамасында. 

Төртінші орын Оливер Стоунның "Қауіптілер" фильміне бұйырды. Триллер демалыстарда 16,1 миллион доллар жинапты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: wpapers.ru