"Киноны қаламмен емес, бейнекамерамен жазады"

"Киноны қаламмен емес, бейнекамерамен жазады"

Біз сіздерге осыған дейін театр туралы толғамдарды ұсынған болатынбыз. Ал бүгін кино өнері жайлы ұлылар мен кино шеберлерінің айтқандарымен бөліспекпіз. Аса жауапкершілікті қажет ететін бұл өнер саласының қызығы мен қиындығы жайында олар не дейді екен?

Кино – жалықтыратын өмір. Альфред Хичкок

Кино жасап шығару үшін ең алдымен оны түсіріп үйрену керек. Мартин Скорцезе

Кинода жақсы нәрсе көпке ұзамайды. Антон Долин

Кинотеатрларда қараңғылық  жоғалғанша кино өлмейді. Сэмюэл Голдвин

Киноға екі түрлі адамдар барады: бірі поп-корн жейтіндер болса, екіншісі поп-корн жейтіндерді жек көретіндер. Белгісіз автор


Мен кинода кейіпкерлер жылайды екен деп ойлап келгенмін. Қателескен екенмін, кинода кейіпкерлер емес, көрермендер жылайды екен. Франк Кипра

Киногер – қауіпті өнертабушы.  Рене Клер

Егер  адам бір киноны он рет көріп қойған болса, онда он бірінші рет сол киноны көрмеген адаммен қайталап көреді. Алексей Калинин

Кино жер сілікінісімен басталуы керек. Содан соң ғана шиеленіс өсе түсуі қажет. Альфред Хичкок

Киноның басы, соңы және аяғы болуы керек. Бірақ бұл ретті сақтау міндетті емес. Жан-Люк Годар

Ұлы деп саналатын кино тек күш көрсетіп, дене мен түрді жұмыс істетуден ғана тұрмайды. Кинода миың  мен жаның да жұмыс жасауы керек. Луиза Брукс

Голливуд кинобоевиктерінің іс-әрекеті – жанкештілердің оқу құралы. Константин Кушнер

Кино өнері ғалымдар үшін емес, сауатсыздар үшін.  Вернер Херцог

Киностудия – ең керемет балалар ойыншығы. Орсен Уэллс


Режиссер нашар болып, сценарий жақсы болғанша, сценарий нашар болып, режиссердың мықты болғаны дұрыс. Бетти  Дейвис

Киногердің нағыз шедеврі – кино біткен соң көрермендер оянып, қошемет жасауы. Виталий Власенко

Кинода аз сөйлеп, көп көрсету керек. Константин Кушнер

Өнердегі қараңғылық бітпейінше нашар кино да бітпейді. Евгений Кащеев

Роман жазуға екі жыл; сценарий дайындау үшін жарты жыл; түсірілім үшін тағы бір жыл уақыт кетеді; мұның бәрі көременнің жарты сағат болса да тынығып алуы үшін жасалатын дүние. Александр Фюрстенберг

Көрерменге жауыз кейіпкердің ұнауы – киноның сәтті шыққаны. Альфред Хичкок

Мен өзімдегі қорқыныштан құтылу үшін сол қорқыныш жайында кино түсіремін. Альфред Хичкок


Кинода әдебиет аз болса,  ол киноға да, әдебиетке де тиімді. Петер Вересняк

Ең үздік кино болса да, ең үздік сценарий болмайды. Малколм Макдауэлл

Киноның ең басты үш бөліктері: сценарий, сценарий және сценарий. Альфред Хичкок

Режиссер өз өмірінен тек бір ғана кино түсіреді де, одан кейін соны бөліктерге бөліп-бөліп қайта түсіре бастайды. Жан Ренуар

Егер жақсы сценарий, жақсы актерлер мен жақсы техника берсең, Микки-Маус та кино түсірер еді. Николас Хайтнер

Егер менің кином, аз дегенде, бір адамды бақытсыз қылса, онда менің еңбегімнің еш кетпегені. Вуди Аллен


Кино адамды кино көріп отырғанын ұмыттыруы керек. Роман Полански

Киноны қаламмен емес, бейнекамерамен жазады. Кинг Видор

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер:rakutin.ru, biglion-ru.livejournal.com, profi-forex.org, film2.ru, diary.ru

А. Әбілхан