Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Аңыз және "Аққыз"

Аңыз және "Аққыз"

Аңыз және

«Аққыз» - қазақ халқының дүниенің пайда болуы жөніндегі мифологиялық көзқарасына негізделген фильм.

Қазақ кино әлеміне бұл фильмнің келіп қосылғанына көп бола қойған жоқ. Режиссер Жаңабек Жетіру бұл фильмді ұлт дүниесін сақтап қалу мақсатында қолға алып түсірген.

Мәселе фильмнің көрермен назарына ауыз толтырып айтарлықтай етіліп көрсетілмегенінде болып тұр. Алғаш рет киноның сценарийі жазыла салысымен-ақ «Қазақфильмге» ұсынылған екен. Фильмнің сценарийін ұнатпаған олар түсіруден бас тартқан. Бастаған  істі аяқсыз қалдырғысы келмегендіктен режиссер ұлт дүниесін ұлықтау мақсатында киноны түсіруді өзі бастап кетеді.

Фильм ежелгі аңыздың желісінде түсіріледі. Ол аңыз бойынша Алла дүниедегі бар тіршіліктерді жаратпас бұрын, киелі Ақ құсты жаратқан. Осы киелі аққу жұмыртқасын қорғап, өзінің қанатынан ұя жасап сақтаған көрінеді.  Аққудың жұмыртқасынан тіршілік атулы бастау алған деседі. Міне осы аққудың іс-әрекетін осы заманда өзі білмей фильмнің бас кейіпкері Аружан қайталайды. Ол анасының қарсылығына, өзіне төнген қауіпке қарамастан, аққудың жұмырқасын қорғайды. Бірақ 10 жасар Аружан аңшылардың оғынан қаза табады. 

Фильмде мифологиялық, философиялық дүниелер өте көп. Мысалы, Қ.Тастанбеков қарт атаның бейнесімен қатар, қазақтың аңыз-әдебиетіндегі Қорқыт-ата, Асан-қайғы, Қарлығаш-бидің рөлін алып шығады. Осы кейіпкер арқылы фильмнің бүкіл ойы мен мағынасын түсіндіргендей болады.  Фильм осы Қапшағай көлінің жағасында түсірілген. Негізінен фильмнің тақырыбы бойынша теңіз – жер адам және табиғаттың бөлінбес бөлшегі – құстар картинаның негізгі объектілері. 

Бұл біздің ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүріміз бен тарихи сана-сезімімізді қалпына келтіру, өшкенімізді жандандырып, өткенімізге құрметпен қарау мақсатымен жасалған дүние.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: lang.kazakhfilmstudios.kz, kazakh-kino.kazakh.ru

8685 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 04 шілде 2012, 15:21
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Цифрлы журналистика
Цифрлы журналистика

Технологиялардың дамуы журналистикаға да жаңа серпін әкелді...

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...