"Трансформерлердің" жалғасы 2017 жылы шығады

"Трансформерлердің" жалғасы 2017 жылы шығады

Трансформерлер жайлы кезекті фильм 2017 жылы шығады. Бұл ақпаратты 2015 жылдың алғашқы кварталының қаржы нәтижесін талқылау мақсатында өткен акционерлер жиналысында Hasbro-ның басшысы Брайан Голднер айтқан болатын.

Бұл ақпарат 2014 жылдың сәуірінде алғаш рет болжамдап айтылған еді, алайда сол жылдың жазында Барселонада өткен CineEurope конференциясында Paramount студиясының өкілдері өзге планеталық роботтардың қайтып оралуын 2016 жылы күту керек деп айтқан болатын. Екі анықтама да ресми нақтыланбаған еді.

Әзірше бесінші серияның қоюшы режиссері мен актерлер құрамы белгісіз.

Paramount студиясы 2015 жылдың наурыз айында «Трансформерлердің» тағдырын шешетін «ми орталығын» құрғанын айтқан болатын. Ол орталықты сценарий жазушы – Акива Голдсман, режиссерлер – Стивен Спилберг пен Майкл Бэй және проодюсер – Лоренцо Ди Бонавентура құрады. Олардың негізгі міндеті – келесі толық метражды фильмдер мен спин-оффтардың идеясын құру.

2014 жылы шыққан 4-ші бөлім әлемдік прокатта 1 миллиард доллардан астам қаржы жинағанын естеріңізге сала кетейік.

Ал сіз «Трансформерлерді» күтіп жүрсіз бе?

Сурет: alogvinov.com

Ұқсас жазба:

Walt Disney Стивен Спилбергпен бірге фильм түсіреді

Ф. Абилова