Достық туралы ғажайып ертегі

Достық туралы ғажайып ертегі

Бүгінде еліміздің барлық кинотеатрында "Үй/Home" атты тамаша анимациялық фильм көрсетілуде, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тим Джонсонның жетекшілігімен  түсірілген "Үй/Home" фильмі шетелдік прокатта көш бастап келеді. "Контакт болары сөзсіз" ұранымен көрсетілімге шыққан бұл туынды көрерменнің жүрегін жаулап үлгерді. 

Адамгершілік, достық, сенім, үміт секілді үлкен сезімдерінің бәрі үш кішкентай кейіпкердің бойына сіңген. Олар – Жер планетасының тұрғыны Дар, оның мысығы және О атты өзге планетаның тұрғыны.

Оның планетасы Бувляндия деп аталады. Және оның барлық тұрғындары – був деген атауға ие. Бувтар Жерді жаулап алып, адамның барлығын жеке резервацияға тұрғызып, қамайды. Алайда мұның арасында Дар өз үйінде қалып, бувтардан қашып, құтылады.

Батыл, ержүрек қыз мысығын алып, анасын іздеуге кетеді. Жолда ол оптимист О-ны кездестіріп, анасын табуға келіседі. Ең бастысы оларда ұшатын көлік бар!

Өзінің халқы бас тартқан О қапаланып, жалғыз қалады. Сол уақытта ол жергілікті тұрғынды кезіктіріп, мәз болады. Табиғатынан қорқақ, бірақ мейірімді О қызға бауыр басып қалады.

Біз бұған дейін "өзгепланеталықтардың Жерді жаулауы" тақырыбында түсірілген талай кинотуынды көрдік. Бірақ бұл – жаңа идея, жаңа тыныс. Неліктен? Оны өзіңіз көріп, түсінесіз.

Балалар ұйықтап қалмай, қуана-қуана көретін фильм екеніне еш күмән жоқ. Оның үстіне ересек адамға да ұнары сөзсіз, себебі фильмнің терең мәні бар және фильм бойы күліп те, жылап та отырасыз.

Осы жылдың әзірше, ең үздік анимациялық фильмі дей тұра, 10 баллдан 9 берер едім. Сюжет желісі, мәні, кейіпкерлер образы мен сценарий ең жоғары бағаға ие. Және ең бастысы фильмнің саундтректері тамаша.

Айтпақшы, бұл туындыдағы әуеннің бәрін жазған – Рианна. Ал фильм Адам Рекстің "The True Meaning of Smekday" кітабының сюжетіне негізделген.

Сурет: jasonsmovieblog.com

Ұқсас жазбалар:

Дженнифер Лопес сахнаға сиқырлы көйлек киіп шықты

"Қайсар әрі мейірімді бол, жаным"

Көрермендер қар ханшайымы Эльзамен қайта қауышады

"Қаһармандар қаласы" 2014 жылдың ең табысты мультфильмі атанды

Ф. Абилова