"Кариб теңізі қарақшылары" фильмінің түсірілімі тоқтатылды

"Кариб теңізі қарақшылары" фильмінің түсірілімі тоқтатылды

"Кариб теңізінің қарақшылары: Өліктер ертегі айтпайды" фильмінің түсірілімі белгілі себептермен уақытша тоқтатылды.

Бұған фильмнің басты кейіпкері Джонни Депптің түсірілім барысында жарақат алуы себеп болып отыр. 11 наурыз күні әртіс қолын сындырып алып, шұғыл ота жасауға тура келген. Осы кезде фильмді түсірушілер бұл жағдайдың түсірілімге кедергі болмайтынын хабарлаған еді. Бірақ, жуырда олар Джонни Депптің екі аптадай жұмысқа шыға алмайтынын ескертті. 

Естеріңізге сала кетейік, капитан Джек Воробей туралы бесінші фильм - "Кариб теңізінің қарақшылары: Өліктер ертегі айтпайды" туындысының (түпнұсқасы: "Pirates of the Caribbean: Dead Men Tell No Tales", орысшасы: "Пираты Карибского моря: Мертвецы не рассказывают сказки") түсірілімі Аустралияда ақпан айында басталған еді. 

Сурет: arkaplanda.com

Ұқсас жазбалар:

1. Джонни Депп "қарақшыларды" түсіру барысында жарақаттанды

2. Бесінші "Кариб теңізі қарақшыларының" аты белгілі болды

3. Джонни Депп бірнеше ажалдан аман қалды

Е. Жұмабайұлы