"Жаужүрек мың баланың" телеэфирдегі көрсетілім уақыты өзгерді

"Жаужүрек мың баланың" телеэфирдегі көрсетілім уақыты өзгерді

Осыған дейін массагеттіктерге отандық телеэфирден "Жаужүрек мың бала" фильмінің берілетіндігін айтқан болатынбыз. Естеріңізде болса, картина "Қазақстан" арнасынан 5 шілде күні 22.05-те, "Хабар" арнасынан 6 шілде күні сағат 22.30-да көрсетілетіндігін айтқан едік.

Бүгін Хабар арнасының эфир уақытын өзгерткендігі белгілі болды. Агенттіктің сайтында фильмнің 4 шілде күні сағат 22.00-де көрсетілетіндігі хабарланды.

Бұл көрсетілім Астана күніне орай отандастарымызға жасалған сыйлық екендігін айта кетелік. Прокаты аяқталған бойда фильмді телеэфир арқылы көпшілікке ұсыну елімізде алғаш рет орын алғалы отыр.

"Жаужүрек мың бала" фильмі кинотеатрларға 6 мамыр күні шығып, екі демалыста 2 миллион долларға жуық қаржы жинап, отандас фильмдердің арасында рекорд орнатқан болатын. Картина сонымен қатар 17 мамыр күні Канн фестивалінде көпшілікке ұсынылып, көрермендердің ерекше ілтипатына ие болған еді. Шет елдік сыншылар фильмге Голливудтық блокбастерлерден кем емес деген баға берген болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kazakhfilmstudios.kz