Құралай Нұрқаділова Голливудта мультфильм түсірмек

Құралай Нұрқаділова Голливудта мультфильм түсірмек

Қазақстантандық дизайнер әрі модельер Құралай Нұрқаділова режисер Тимур Бекмамбетовпен бірігіп, жаңа жобаға кірісуі мүмкін. Модельердің жаңа мультфильм туралы ұсынған идеясына режиссер қызығушылық танытқанға ұқсайды.

"Мультипликациямен айналысу менің байырға арманым еді. Енді сол тілегім орындалғалы тұрған сияқты", - деп ағынан жарылды Құралай журналистерге берген сұхбатында.

Мультфильм экшн жанрында түсірілетін болады. Дизайнердің айтуынша, картинаның сюжеті дайын тұр екен. Дегенмен Құралай бұл туралы ашып айтудан бас тартты. "Жобаға шындап кірісер болсақ, оның сапалы шығуына бар күшімді салатын боламын. Картина кейіпкерлерінің ойыншықтарын жасап шығару да ойда бар", - деді ол бір сөзінде.

Дизайнер сонымен қатар, режиссерге киножобаларда киімдерді көркемдік әрлеу тұрғысында серіктес болуды ұсыныпты. Құралай Нұрқаділова қазіргі кезде Бекмамбетовпен Астана қаласында өткелі орынған экшн-фильмдер фестивалі аясында бірігіп жұмыс істеуде. 1 шілдеде басталатын оқиғаға дизайнер қонақтарға киім дайындаумен айналысып жатыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: after-five-ru.livejournal.com