Алматыда Израиль фестивалі өтпек

Алматыда Израиль фестивалі өтпек

Алматы қаласында 1-4 шілде аралығында Израиль киносы фестивалі өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аталған шара Израиль мемлекетінің елшілігі және Олег Борецкийдің киноклубымен ұйымдастырылуда. Фестиваль "Цезарь" кинотеатрында өтпек. 

Фестиваль программасына Израиль еліндегі қазіргі өмірдің өзіндік ерекшелігі мен тұрғындардың арманы мен үмітін көрсететін драма жанрындағы төрт фильм кірді. Барлық фильмдер түпнұсқа тілде орысша субтитрлармен көрсетілетін болады. Билет құны - 200 теңге. 

Фестиваль бағдарламасы: 

1 шілде - ашылу салтанаты, 18:00, "Оркестр сапары" (Визит оркестра). 

2 шілде - 19:00 - "Қазына" (Мое сокровище). 

3 шілде - 19:00 - "Алау" (Костер). 

4 шілде - 19.00 - "Парижден 5 сағаттық қашықтықта" (В пяти часах от Парижа).

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: tengrinews.kz

Ж. FM