«Сырғалым» телехикаясының жалғасы бүгіннен бастап көрсетіледі

«Сырғалым» телехикаясының жалғасы бүгіннен бастап көрсетіледі

Бүгін, 3 наурыз күні, «Сырғалым» сериалының жалғасы «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіле бастайды. Бұл туралы Massaget.kz порталына «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз бөлімі хабарлады. 

«Сырғалым» – «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша түсірілген отандық телехикая. Ол әкесінің ескі досының қызын өз отбасыларына қабылдаған заманауи қазақ отбасының өмірі туралы сыр шертеді. Негізгі әрекет банк кеңсесінде өрбиді: бас кейіпкер, бір жағынан, мансабына жету үшін еңбек жолын бастаса,  екінші жағынан, отбасын сақтап қалуға бар күш-жігерін салады. 

Бас кейіпкердің рөлін актриса Жұлдыз Маханова сомдайды. Сюжетке сәйкес, көрермендер телехикаяның келесі бөлімдерінде театр және кино актерлері Лидия Каденова, Сәкен Рақышевтар сомдаған жаңа кейіпкерлермен танысады, шытырман сюжетке тән арам ойлар, күрделі жеке тұлғалық қатынастар мен құпиялар осы телехикаяда тоғысқан.

Телехикая орыс тіліндегі ілеспелі жүгіртпе жолдар арқылы қазақ тілді және орыс тілді аудиотрияға да тең дәрежеде қолжетімді болады.

Қоюшы-режиссері, сценарий авторы Рашид Сүлейменов «Сырғалым» телехикаясын жасаушылар идеология факторына көп мән бергенін атап өтті.

«Әрине, ойын-сауық нысанының астарынан идеология аспектісі байқалмайды, бірақ біздің ниетіміз де осы, себебі біздің сериал терең идеологиялық құндылықтармен басталады. Бұл қала мен ауылдың байланысы, этносты шоғырландыру, ал басты міндеттердің бірі қазақ тілін дамыту болып табылады. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының арқасында бізде тілді түзетудің көп сатылы редакциялық-бейімдеуі бар. Түсіру алаңында лексиканың дұрыстығын тексеретін екі редакторымыз бар, себебі біздің кейіпкерлеріміз қазақ тілінде дұрыс сөйлеуі тиіс. Көптеген тіл маманы, қоғам қайраткерлері телехикаядағы қазақ тілінің жоғары деңгейін атап өтті. Біз үшін бұл үлкен мақтаныш»,- дейді режиссер.

2014 жылдың басында көрсетілген «Сырғалым»телехикаясының бірінші бөлімі күн сайын миллионға жуық көрермен аудиториясын жинаған болатын. Теленовелла республика тарихында талап етілген телехикаялардың тізіміне енді. Алғаш рет қазақ тіліндегі өнім орыс тіліндегі рейтингтік телехикаялар мен бағдарламаларға бәсекелес бола алды. Өткен маусымдағы 48 сериялық «Сырғалым» қазақстандық телевизиядағы елеулі оқиға болды. Телехикая «2014 жылғы үздік телехикая» номинациясын иеленсе, бас рөлді сомдаған актриса Жұлдыз Маханова «2014 жылғы Үздік актриса» атанды.

«Сырғалым» телехикаясының екінші маусымы «Қазақстан» телеарнасының эфирінен 3 наурыз күні сағат 21.50-де көрсетіле бастайды.

Сурет: exclusive.kz, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз бөлімі

Оқи отырыңыз:

"Қазақ хандығы" сериалына кастинг жарияланды

«Келін» телехикаясының жұлдызымен кездесуге 23 мыңнан астам адам жиналды

Көрермен көзайымына айналған әртістер

М. Оңғарова