Биыл «Қазақфильмнің» 50-ге тарта туындысының мерейтойы өтеді

Биыл «Қазақфильмнің» 50-ге тарта туындысының мерейтойы өтеді

2015 жылы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша түсірілген «Абай әндері» көркем фильмінің көрерменге жол тартқанына 70 жыл толады. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен қатар биыл бірден үш фильмнің 60 жылдығы аталып өтпек: Павел Боголюбовтың «Шабандоз қыз» музыкалық комедиясы, Сұлтан Қожықовтың режиссерлік дебюті - қысқа метражды «Ана мен бала» фильмі және Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді» картинасы. Шәкен Аймановтың «Бір ауданда» көркем фильміне биыл 55 жыл толады. Әйгілі туындыға айналған «Атаманнның ақырына» да 55 жыл. Сондай-ақ Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» кинолентасы 45 жылдығын атап өтпек. «Гауһартас» көркем картинасына 40 жыл толса, белгілі театр және кино режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің «Жаушы» фильміне 35 жыл, ал Болот Шамшиевтің «Мергендер» әскери драмасына 30 жыл толмақ. Сондай-ақ Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» өндірісінің бірнеше фильмдері алғашқы бес жылдықтарын атап өтеді.

Дереккөз: baq.kz

Сурет: voxpopuli.kz

Н. Айдархан