«Келін» телехикаясының жұлдызы «Қазақстан» телеарнасында бірнеше ток-шоуға қатысады

«Келін» телехикаясының жұлдызы «Қазақстан» телеарнасында бірнеше ток-шоуға қатысады

"Қазақстан" телеарнасында көрсетілетін «Келін» үнді телехикаясының басты рөлдерінің бірі, Шива рөлін сомдаушы (басты рөлдердің бірі - Анандидің күйеуі) Сидхарт Шукла 27 ақпан - 2 наурыз аралығында Астана және Алматы қалаларына келетінін осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Сидхарт Астанаға анасы әрі агенті Рита Шукламен бірге келеді", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

28 ақпан, сенбі, күні сағат 15.00-де «Хан шатыр» сауда-ойын сауықтыру орталығында актер көрермендермен кездесіп, афтограф-сессия өткізеді. Сонымен қатар, 28 ақпан күні «Жұлдызбен кешкі ас» жоспарланып отыр: «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының веб-порталында жарияланған викторина жеңімпаздары Астана қаласының мейрамханалырының бірінде Сидхарт Шукламен және танымал отандық «Қара шаңырақ» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған актермен кешкі ас ішу мүмкіндігіне ие болады.

2 наурыз, дүйсенбі, күні «Қазмедиа Орталығының» 11-қабатында сағат 12.00-де Сидхарт Шукла және отандық танымал «Қара шаңырақ» телехикаясының басты рөлдерінің бірін сомдаған Азамат Сатыбалдымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясы өтеді.

2 наурыз күні, сағат 15.00-де Сидхарт Шукла «Қазақстан» ұлттық арнасында тікелей эфирдегі «Әйел бақыты» бағдарламасына қонаққа келеді. Осы күні телекөрермендер танымал жұлдызды «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуынан көре алады.

2012 жылдан бері Қазақстанда үндінің телевизиялық көрсетілімінің «Келін» сериалы үздік болып келеді. Көрікті кейіпкерлер, сапалы дыбыстау, әсерлі қойылым рейтинг көрсеткіштерінің өсуіне оң ықпал жасады.

«Келін» - Үндістандағы танымал телехикаялардың бірі. Кинода әлеуметтік дәстүрлер тақырыбы қозғалады. Телехикая туған ел мен қара шаңырақты сүйіп, ата дәстүрді құрметтеуге шақырады. Бұл тұрғыдан алғанда, «Келін» телехикаясы «Қазақстан» телеарнасында эфирге шығатын отбасы мен отбаслылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған отандық «Қара шаңырақ» телехикаясымен сәтті үндесуде.

Сурет: Қазақстан телеарнасының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз:

"Келін" телехикаясының шығу тарихы қандай?

Көрермен көзайымына айналған әртістер

"Келін" телехикаясының жұлдызы Қазақстанға келеді

"Келін" телехикаясының жұлдызы Қазақстанға қандай мақсатпен келеді?

Қ. Бүйенбай