Қалтасы қалың 10 актриса

Қалтасы қалың 10 актриса

Бүгін біз сіздерге 2012 жыл бойынша Голливуд жұлдыздарының ішіндегі әйел адамдарының қалтасының қаншалықты қалың екендігі жөнінде әңгіме қозғамақпыз. Ең бай және жоғары төлем алатын 10 актрисаның тізімін атақты Forbes журналы анықтаған.

10-орын. Мэрил Стрип

62 жастағы Мэрил жас Голливуд актрисаларына дарындылығымен және қаражат табуымен үлгі. Мұның дәлелі ретінде оның өткен жылы тапқан 10млн. долларын атап өтуге болады. Ақшасының басым бөлігін фильмдерге түскені үшін алған қаламақысы құрайды. Ол өзінің «Темір ханым» фильмі үшін алған қаражатын қайырымдылық қорына өткізген.

9-орын. Сандра Баллок

Жас ана асырап алған ұлына көңіл бөліп рухани дүниесіндегі тыныштығын қалпына келтіру үшін жұмысында аздаған үзіліс жасаған болатын. Соның өзінде ол өткен жылы 15 млн. долларға ие болған. Ол өзінің қаражатының басым бөлігін Фоердың романы бойынша түсірілген «Сұмдық қорқынышты және шектен тыс жақын» атты фильміне түскені үшін алған.

8-орын. Диаз Камерон

38 жастағы бұрынғы модель ең бай актрисалар қатарында 8-орынға ие. Оның жылдық кірісін санағанда 18млн. долларды құраған. Ол өзінің қаражатының басым бөлігін түсірілім алаңында тапқан. Актриса үшін ең сәтті жоба «Ең нашар оқытушы» және «Жасыл бүгелек» фильмдері болатын.

7-орын. Кэтрин Хейгл

Романтикалық комедияларда жарық рөлдерді сомдағаны үшін бай ханымдардың қатарында 7-орынға ие болған Кэтрин қалтаны қалыңдату үшін терең мазмұнды драмалық  рөлдерді ойнау міндетті емес деп есептейді. Оның өткен жылғы табысы бойынша ішкі кірісі 19 млн. долларды құрайды.

6-орын. Кристен Стюарт

Жас актрисаның кірісі 20 млн. долларды құрайды. Қаражатының көп бөлігін  «Сумерки»  фильмі үшін алған. Оның табыс табуы тек осы киномен ғана шектеліп қалмайды. Ол 2010-2011 жылдар аралығында сегіз фильмге түсіп үлгерген. Голливуд продюсерлері жас ханымға кетіп жатқан қаражатты еш аямайды. Өйткені Кристен 2011 жылы ең рентабельді акриса аталған.

5-орын. Джулия Робертс

Ең бай ханымдар қатарынан шығып қалғысы келмейтін Джулия да 20 млн. доллар көлемінде кіріс табады. Сымбатты ханым Голливудтағы ең жоғары төлем алатын актрисалардың  бірі. Ол түскен соңғы кино «Ларри Краун» деп аталады. Джулия өзінің қаражатының басым бөлігін осы фильмде сомдаған рөлі арқылы тапқан.

4-орын. Риз Уизерспун

Дарынды актриса түрлі жарнамалық акцияларға түсу арқылы 28 млн. долларға ие болып отыр. Бұл кіріске өзі басқарып отырған Type A Films компаниясының флиьмерді түсіргенде тапқан қаражатын қоспайды. Оның үстіне ол Avon Products продюсерлік компнаиясының тұрақты  тұлғасы.

3-орын. Дженифер Энистон

Бұл ханым 28 млн. доллардың басым бөлігін  «Достар» атты атақты сериалы үшін иеленген.  

2-орын. Сара Джессика Паркер

Бай ханымдардың қатарында 2-орынға келіп жайғасуына қарағанда, оның қалтасы басқалардан да қалың болғандығы ғой?! Оның ішкі кірісі 30 млн. долларды құрайды екен. Керри Бредшоу рөлі оған көп ақша табуына көмектесті. Ол соңғы кездері Halston компаниясының  дизайнерлік киімдерді шығаратын атқарушы қызметіне отырды. Мұның өзі жас ханымның қалтасының әлі де қалыңдайтынының дәлелі.

Ал енді сіздерге көптен күткен 1-орынның иесін жария етпекпіз. Бұл құтты орынға жайғасқан ең бай әрі атақты ханым – Анджелина Джоли.

Ол - әлемдегі ең нәзік актриса, көпбалалалы ана, сымбатты ханым. Өзінің осындай көпқырлы өнері мен дарынының арқасында 30 млн. долларға ие. Бай актрисалардың қатарында бірінші орынға ие болуына оның «Солт» және «Турист» фильмдерінен тапқан қаражаты көмектескен. Ол қалған ақшасының жарты бөлігін атақты «Кнуг Фу Панда 2» мультфильмін дыбыстау  арқасында тапқан.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: wday.ru, socionics.org, panoramanews.ru,detskiy-mir.net, news.charlesayoub.com, 178.63.122.43,natali.biz, topnews.in, spletnik.ru, liveinternet.ru

А. Әбілхан