Джеймс Бонд туралы фильм қазақ тіліне аударылады

Джеймс Бонд туралы фильм қазақ тіліне аударылады

Джеймс Бонд туралы кезекті 23-фильм қазақ тіліне аударылатын болады. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

"007: "Скайфолл" координаты" деп аталатын фильмнің аудармасымен Қазақфиьм киностудиясы айналысатын болады. "Болашақ" Ассоцияциясы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек бұл туралы: "Бұл фильм - классика. Қазақ тілінде де сұраныс болып тұр. Қазіргі кезде қосымша келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деді. Оның айтуынша, фильм дубляжы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарапынан қажыландырылатын болады. Болашақта басқа фильмдерді аударуға жеке меншікті компанияларды тарту ойда бар екендігін қоса айтты.

Сонымен қатар: "Әлбетте, дәл қазіргі кезде бұл еңбегіміз қаржылық жағынан өз-өзін ақтамайды. Сондықтан әзірге тек мемлекеттің қолдауымен ғана жұмыс істей аламыз. Дегенмен уақыттың өтуімен қазақ тілді фильмдердің нарығы дамып, сұраныс артқан кезде, жеке меншік компаниялар бұндай жобаларды қаржыландыруға ынталы болады деген ойдамын", - деп пікірін пысықтай түсті.

"007: "Скайфолл" координаты" фильмінің әлемдік премьерасы үстіміздегі 2012 жылдың қазан айына жоспарланған. Картинада Дэниэл Крэйг, Рэйф Файнс, Хавьер Бардем және Джуди Денч секілді актерлар мен актрисалар өнер көрсетеді. Фильм режисері "Америкалық сұлулық" ("Красота по-американски") туындысымен танымал Сам Мендес.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kinoimperia.com